«Ана -өмір шуағы» атты әжелер сайысы
11.03.2025
253
0

2025 жылдың 5 наурызында   «Шаңырақ» әлеуметтік орталығында  Алматы қаласы ОКЖ-нің №45 кітапхана-бөлімшесі  мен  «Қазақ аналары -дәстүрге жол» РҚБ-нің ұйымдастыруымен  әжелер арасында ерекше сайыс өтті. Негізгі ерекшелігі «Шаңырақ» әлеуметтік орталығындағы ақ жаулықты апалар мен «Қазақ аналары -дәстүрге жол» РҚБ ақ кимешекті апалар арасындағы жарыс.

«Ана – өмірдің мәні, тіршіліктің сәні. Әже – отбасының берекесі, ақылдың кені» деп қазағымыз бекер айтпаған болар. Осы жарысқа қатысқан ақ жаулықты әжелеріміздің бағдарламасына көз жүгіртетін болсақ:

  1. 1. Таныстыру («Өнерлі әже – өнегелі ұрпақ») – Әжелер өздерін таныстырды.
  2. Қолөнер сайысы («Шебердің қолы алтын») – Әжелер ұлттық бұйымдарын көрсетті.
  3. Ас әзірлеу сайысы («Дәмді ас – дастархан көркі») – Әжелер ұлттық тағам дайындады.
  4. Салт-дәстүр көрсету («Салт-дәстүр – асыл мұра») – Бір қазақ дәстүрін көрсетті.
  5. Өнер сайысы («Өнерліге өріс кең») – Әжелер ән айтып, жыр оқыды.

«Алматы қаласы “Шаңырақ” әлеуметтік орталығында, яғни бұрынғы Ардагерлер үйінде “Ана -өмір шуағы” атты әжелер арасында жарыс өткізуге атсалысқан  Әуезов ауданының Маржангүл Тұрарбекова бастаған, Күлайша Сабырбаева қоштаған ақ жаулықты аналарымыз, осы іс-шараға демеуші болып келген Бостандық ауданының  ақ кимешекті аналарына, ұйымдастырушылар мен қатысушыларға сыйлықтарын беріп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлағандарыңызға мың алғыс!»- деді Айымторы апамыз.                       «Қарттар үйіндегі апаларымызды қуанышқа бөлеп, үлкен әсер қалдырғандарыңыз үшін ризашылымызды білдіреміз!  Сіздердің әрқайсыңыз өз орындарыңыз бар, үлкен жүректі ана, қайырымды жандарсыздар!  Істеген жақсылықтарыңыз өздеріңізге мың еселеніп қайтсын!»- деді Светлана апамыз және Дариға апамыз қуаныштарымен бөлісіп, алғыстарын жаудырып жатты.  Бұл конкурсқа қатысқан 88 жастағы Айымторы Тайғаринова апамыз бастап, Светлана Искакова апамызға, Дариға Бейіс апамызға, Әстерхан Сарсенбева апамызға, Тазагүл Қуанова апамызға, Бағира Тілеуімбетова апамызға , келіп өз қолдауларын көрсеткен ақ кимешек киген апаларымызға көремен дән риза болды.  Әділқазылар алқасында, «Қазақ аналары -дәстүрге жол» РҚБ Бостандық ауданының мүшесі  ақ кимешек киген апамыз Камила Нурпеисова бастаған, елімізге танымал ҚР Мәдениет қайраткері Ақжан Жайсанбаева мен осы Орталықтың әлеуметтік қызмет ісі жөніндегі директор орынбасары Арайлым  Оралбаева әділ бағаларын беріп отырды. Бұл жарыста ақ жаулықты әже-апаларымыздың жеңісі «ДОСТЫҚ» болды. Қатысушыларға: «Дана әже», «Өнерлі әже», «Шебер әже», «Үлгілі әже», «Ұлағатты әже»,  «Әдемі әже» деген арнайы номинациялар берілді. Жарыс соңында қатысушылар мен ұйымдастырушыларға Алматы ОКЖ-нің директоры Мейрам Бектембаев пен «Шаңырақ» әлеуметтік орталығының директоры Қалибек Ақылбековтың атынан «Алғыс хат» берілді.  Бүгінгі сайысымыз аналар мен әжелердің қоғамдағы орнын тағы бір мәрте көрсетті. Орталық тұрғындары мен қызметкерлеріне көтеріңкі және әсерлі көңіл-күй сыйлағандарыңыз үшін Баршаңызға амандық, отбасыларыңызға береке тілейміз.

Бақыт Нұрақынқызы Сыдықова,
№45 кітапхана-меңгерушісі 

 

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір