Алматы Құрметті азаматтарын «құрметтеді»
24.09.2024
332
0

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Түрксой Жазушылар одағының Төрағасы, белгілі ақын Ұлықбек Есдәулет Алматы қаласының Құрметті азаматы атағымен марапатталды.
Бұл атақты шаһар әкімі Ерболат Досаев қала күніне арналған «Алматы – біздің ортақ үйіміз» атты фестивальде табыс етті. Абай алаңында, Республика сарайы­ның алдында өткен салтанатты шарада сонымен қатар композитор Ерұлан Қанафиянов, суретші Алексей Уткин, кескіндемеші Ерболат Төлепбай, техника ғылымдарының докторы Жұмабай Байнатов, Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ахметжан Шардинов, Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының директоры Гүлнәр Нұрланова, құрметті ұшқыш Дмитрий Душимов пен кәсіпкер, меценат Нұрлан Смағұлов та Алматының Құрметті азаматы марапатына ие болды. Сондай-ақ Құрметті атақ Мемлекеттік қуыршақ театрына берілді. Қаланың гүлденіп, көркеюіне, дамуына үлес қосып жүрген өнер адамдарын, қоғам қайраткерлерін мерейлі сәтімен құттықтаған әкім: «Алматы әрқашан алдыңғы шептен көрініп, оң өзгерістердің жарқын үлгісі болуы керек. Бұған бар күшімізді, білімімізді және тәжірибемізді жұмсаймыз. Алматыны әрбір адам өз үйіндей сезінетін жайлы әрі қауіпсіз қалаға айналдыру біздің қолымызда», – деп түйіндеді сөзін.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір