Ата-анаға деген құрметті арттырған кездесу өтті
Кез келген жан үшін ең қымбат жан – ата-анасы. Ата-анасының көзі тірі кезінде лайықты дәрежеде құрмет көрсетіп, жақсылық жасау әр перзенттің парызы десек те болады. Ал жақсы тәрбиені бесіктен көтріп өскен бала ата-анасына құрмет көрсетпеуі әсте мүмкін емес. Қазіргі жаһандану кезеңінде өмір сүріп, ақпарттық ағында жүрген бала үшін бұл қаншалықты өзекті, қазіргі жастарымыз ата-анасын қаншалықты сыйлай біледі деген деген мақсатпен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Филология факультетте маңызды кездесу өтті. Факультеттің І курс магистранттары Сымбат Асанова пен Әйгерім Далдабай ұйымдастыруымен өткен кездесуге ақын, аудармашы, Жазушылар Одағының мүшесі Саят Қамшыгер қатысты. «Жетім көрсең жебей жүр» тақырыбы аясында өткен бұл ашық тәрбие сағатында ақын қазақ филологиясының 1 курс студенттерін өзі қазақ тіліне аударған башқұрт жазушысы Айгиз Баймұхаметовтың «Тастамашы, ана» кітабымен таныстырды.
- Автор өзі ата-анасынан жастай айырылып жетімдер үйінде өседі, сол жердегі басынан өткен аянышты тағдырын әңгімелейді. Мен автормен танысып, сыйлаған кітабын оқып, бірден қазақ тілді оқырманға жеткізу керек деп ойладым. Және бұл ойым өз жемісін берді. Жетім баланың басынан өткен аянышты тағдырды оқыған әр көрермен ата-анасының қадірін білді. Жүрегінде мейірімділік сезімі оянды. Ал бұл қазіргі қатыгез қоғам үшін жетіспейтін сезімнің біріне айналып барады. Яғни кітап арқылы тәрбиеленіп жатқан оқырманымның күннен күнге артып жатқанына қуаныштымын. шазір кітаптың 8-басылымы шағып жатыр, — деген Саят Қамшыгер Шығарманың жазылу тарихынан, көркемдік ерекшелігі мен кейіпкерлердің қазіргі өмірі жайында сыр шертіп берді. “Ертегісіз өткен балалық”, “Көше балалары” атты жалғасы шыққанына хабардар етті.
Білім алушылар қазіргі таңда еліміздегі жетімдер саны мен балалар үйінің жыл сайын азайып келе жатқаны туралы слайд жасап, ақпараттармен бөлісті.
Кездесуге модератор болған «Сенімен болашақ» РҚБ өкілі, журналист Меруерт Мәулетқызы ата-ананы сыйлау туралы айтып, өздері де болашақ ата-ана ретінде әр баланың тәлім-тәрбиесіне көңіл бөлу туралы ойымен бөлісті.
- Бүгінде отбасындағы құндылықтар заман ағымына сай өзгеріп жатыр. «Қатыгез бала» қайдан шығады деп сауал тастаймыз да, арғы жағындағы салдарына назар салмаймыз. «Бала тәрбиесі — бесіктен» деп бір-ақ ауыз сөзбен түйіндеген мұны ата+бабамыз. Яғни, ата-ана саналы болса бала да саналы, салиқалы болып өседі. Меніңше, осындай басқосуларды жиі өткізіп, Саят Қамшыгер сияқты ой саларлық дүние жазып жүрген әдебиетшілер қауымы арқылы жас ұрпақ тәрбиесіне үлес қосқан абзал, — деді модератор.
Іс-шара соңында жастар белсенділік танытып, тақырыпта сай пікірлерін айтып, сұрақтарын қойды. Ана туралы өлеңдерін оқып, замандастарына ой салды.
Құралай Мұхамади,
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты,
Ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор