ТУҒАН ЖЕРІНІҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ АТАНДЫ
27.11.2023
90
0

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Халық жазушысы Бексұлтан Нұржекеұлына «Жетісу облысының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Қаламгерге марапатты Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев тапсырды. Талдықорған қаласында өткен жиын барысында облыс әкімі: «Кеңестік кезеңнің қатаң сүзгісі бар кездің өзінде сіздің шығармаларыңыздың шындықты айта білетін мінезі болды. Бұдан бөлек, тарихи туындыларыңыз бір төбе. Сізді аз жазса да саз жазатын, мемлекеттік, қоғамдық деңгейдегі ірі мәселелерге кесек пікір айта білетін қайраткер ретінде құрметтейміз», — дей келе, қаламгерге шығармашылық табыс тілеп, арнайы атақтың лентасын, төсбелгісі мен құжатын рес­ми түрде табыстады.
Жетісу облысы Панфилов ауданы Ақжазық ауылында дүниеге келген қазақтың көрнекті жазушысы Бексұлтан Нұржекеұлы: «Туған жерімнің бұл сыйы – маған бәрінен қымбат. Жетісудың мен үшін орны бөлек. Осы отырған әрқайсыларыңыз үшін де солай болуға тиіс. Президент әділетті қоғам құру, әділ азамат болу туралы айтты. Сол ұстанымды әрқайсымыз өзімізден бастауымыз керек. Бүгінгі маған көрсетіп отырған құрметтеріңізге ризашылығымды білдіремін», — деп, атамекенінің сый-құрметіне алғысын айтты. 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір