«Әрбір бала бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем бер!»
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз, — деп адамзатты білім мен ғылымға, жақсы үлгі-өнегеге шақырған дана Абай қаншама ұрпақты соңына қалдырған тағылымды сөздерімен тәрбиелеп келеді.
Мектеп- ұстаздардың тәрбиесін, ақыл-кеңестерін тыңдайтын орта, баланың қалыптасу деңгейіне әсер ететін білім ордасы. Қазіргі кезде технология дамып жатқан заманда мектептің де дами беретіні белгілі. Бүгінде елімізде талай жылғы тарихы бар мектептер жетерлік. Ұзақ жылдардан бері білім беріп келе жатқан мұндай мектептерден талай ұрпақ түлеп ұшуда. Талдықорған қаласындағы «Абай атындағы №1 орта мектеп-гиназиясынан» да талай шәкірт білім алып, үлкен өмірге аяқ басқан.
Талдықорған қаласындағы «Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясының» іргетасы 1921 жылы қаланып, 1945 жылы Абай Құнанбайұлы аты берілген. Тарихы мол мектептен мыңдаған түлек түлеп ұшты. Еңбекпен ғылым жолында талай шыңдарды бағындырып, есімі ел есінде қалған талай оқушы қанаттанып шықты.
Мектепте 37 кабинет, спорт залы, кітапхана, акт залы, би залы, шеберхана, 150 орынға арналған асхана бар. Сонымен қатар, жаңа модификацияланған физика, биология, химия, математика, қазақ тілі, STEM кабинеті, ұлдарға арналған технология және қыздарға арналған еңбек кабинеттері бар.
Бүгінгі күні мектепте барлығы 1700-ге жуық оқушы ІІ ауысым бойынша білім алады.
Мектептің оқу-тәрбие жұмысы жоспарлы түрде өз жұмысын жүргізіп келеді. Қалалық, облыстық деңгейде оқу-әдістемелік шаралар, дәстүрге айналған «Ата-баба дәстүрі – ұрпаққа аманат» танымдық шарасы, «Жас ұлан» әскери – патриоттық дала ойындарын өткізуде мектеп ұжымы жылда жоғары деңгейде өнер көрсетуде.
Мектеп оқушылары білім мен өнер, спорт додаларында биіктерді бағындыруда. Биылғы оқу жылында «Дарын» республикалық ғылыми жарысында Тапергенова Милана физика пәні бойынша қалалық деңгейде 1 орын алып, Облыстан 2 орын алып, Республикаға жолдам алып, алғыс хатпен оралды. 2-4 сыныптар арасында қалалық олимпиадасынан 14 оқушымыз жүлделі орындарға ие болып, 4 оқушы Облыс көлемінде орындар алса, Республика көлемінде Кан Роберт 2Е сынып оқушысы 3-орын иегері атанса, Дамирұла Айлат 3Б сынып оқушысы алғыс хатпен марапатталды. 5- сыныптар арасында қалалық пәндік олимпиададан9 оқушымыз жүлделі орындарға ие болды. 7-8 сыныптар бойынша қалалық пән олимпиадасынан 4 оқушымыз жүлделі орындарға ие болса, Облыс көлемінде 2 оқушымыз жүлделі орындар алып қуантты.
9-11 сыныптар арасында қалалық пән олимпиадасынан 23 оқушымыз жүлделі орындарға ие болды. Соның ішінде атап өтсек Республика бойынша физика-математика бағыты бойынша Президенттік олимпиадасының 2 орын жүлдегері 11 сынып оқушысы Ким Карина, 5 сынып оқушысы Серикова Дарина математика пәнінен, 9сынып оқушысы Өзбек Айша орыс тілі пәнінен жүлдегер атанды. Сондай-ақ Жетісу университетінің ұйымдастыруымен ағылшын тілі пәні бойынша олимпиададан Молдахметов Жангир 2 орын иеленді. Қалалық «Қолданбалы лингвистика» олимпиадасынан 4 оқушымыз жүлделі орындарға ие болды. «Зерде» ғылыми жобасының қалалық кезеңінен 5 оқушымыз қатысып, оның 2-еуі жүлделі орындарға ие болса, қалған 3 оқушымыз-алғыс хаттармен марапатталды.
«Ақбота» республикалық интелектуалды марафонында бастауыш сыныптар бойынша 46 оқушымыз жүлделі орындар алды. «Алтын сақа» олимпиадасы бойынша қала көлемінде 14 оқушымыз жүлделі орындар алса, Облыс көлемінде 4 оқушымыз орын алды, сондай-ақ Республика көлемінде 4 сынып оқушысы Жаныс Абылайхан 3орын иеленіп, 3 сынып оқушысы Дамирұлы Айлат грамотамен марапатталды. «Кенгуру» республикалық интеллектуалды марафонында 29 оқушымыз жүлделі орындарға ие болды. «Робототехника» қалалық «Лего-Робот» сайысынан 2 оқушымыз жүлдегер атанды.
Талдықорған қаласы жалпы білім беретін мектептердің 4-сынып оқушыларына арналған «МЛ#20» математика турнирінде мектемізден 5 оқушы команда ретінде қатысып, нәтижесінде «Ең үздік команда» аталып, бас жүлдеге ие болды.
«Ділмар» облыстық тележобасының қалалық, облыстық кезеңдерінен 9 сынып оқушысы Ғабиденқызы Айзере мен 10 сынып оқушысы Дунчева Злата 1 орындарды иеленді.
Қалалық «Абай оқулары» жарысында «Көңілім әнді ұғады» бағыты юойынша 10 сынып оқушысы Медетқызы Зарина 3орын иеленді.
Спорт саласы бойынша көптеген оқушыларымыз Республика, Халықаралық деңгейінде өткен жарыстарға (дзюдо, регби, бокс, таеквандо, гимнастика, футбол, каратэ, баскетбол, суда жүзу, садақ ату, заманауи би түрлері) ат салысып, жүлделі орындарға ие болып жүр.
Атап айтсақ, Халықаралық жарыстардың «Дзюдо», «Джиу-Джитсу» бойынша жеңімпазы 10 сынып оқушысы Хегай Кира, 7 сынып оқушысы Кенжебай Айсұлтандарды атасам, Республика көлемінде «Садақ атудан» 8 сынып оқушысы Мухамедова Инабат 1 орын алса, «Регби» спорт түрінен 1 орын алған 10 сынып оқушысы Дунчева Злата сияқты көптеген оқушыларды атауға болады. Сондай-ақ футболдан кандидат мастер спорта алған қаншама оқушыларымыз үздіктер қатарынан көрінді
Мектебімізде жыл бойы жүргізілген әдістемелік жұмыс, әскери -патриоттық тәрбие, жобалар өз деңгейінде жүргізілді. «Жетекші мектеп», «Желілік қауымдастық», «Саналы ата-ана» жобасы жұмыс жасайды.
Білімнің қайнар көзін сарқылтпайтын мектеп — білім ордасы, ұстаз – бала жанының тәрбиелеушісі. Білім мен тәрбие үйлескен жерде өнерге де, даналыққа да қол жеткізуге болады.
Назым Бауыржанқызы,
Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясының
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары