ҚАНИПАНЫ ЕСКЕ АЛДЫ
01.04.2016
1411
0

к-2Таяуда  Алматыдағы  А.П.Чехов атындағы орталық  кітапханада ақын Қанипа Бұғыбаеваны  еске алу кеші  өтті.   Шараға ақын-жазушылар    Оразақын Асқар, Ұлықбек Есдәулетов, Болат Шарахымбай, Жарас Сәрсек, Сайлаубай Тойлыбаев, Гүлжанат Шонабай, Қайрат Дүйсенов, көркемсөз шебері Сауық Жақанова,  әншілер Роза Шымырбекова, Мэлс Нұхси  және ақын ұрпақтары Талап пен Ләззат және кітапхана қызметкерлері мен оқырмандары  қатысты.

Алдымен сөз  алған ақын Ораза­қын Асқар:  «Далада бір аңызақ сусыз шөлде жүргенде кенеттен нулы орманды бұлағы бар жерге кездес­кендей жанымыз сергіп, бір рахатқа бөленетін кезіміз болады.  Қани­па­ның алғашқы бір жинақтарына редактор болғанымда мен сондай се­зім­де болдым. Кейін Қанипа өзінің  шы­ғармашылығы арқылы Алашқа ортақ үш жүздің ақыны екендігін  дә­лелдеді», – деді. Мұнан кейін Қа­ни­па апаймен сырлас болған ақын­дар­дың бірі Ұлықбек Есдәулетов: «Ең алғаш  поэзия көгінде жарқ етіп көрін­ген кезінде Қанипа мектепті  тө­сек тартып жатып бітірген кезі екен. Сол уақыттарда «Лениншіл жас» газетінің  1962 жылғы санында  жас ақын қызға  белгілі үш ақын Әбу Сәрсенбаев, Хамит Ерғалиев, Сырбай Мәуленов «Қиянға самға Қанипа» деген тақырыппен бата беріп, бір топ өлеңдерін жариялап, алғысөз жазған болатын. Сөйтіп, Қанипа апайдың шығарған қан­ша­ма кітаптары жұрттың игілігіне ай­­налды.  Енді бүгінгі күндері «орнында бар оңалар» дегендей, біздің мы­нау Талап бауырымыздың Қани­па апамыздың бүкіл жыр мұрасына ие болып жоқтаушы жанашыр болып жүргендігіне іштей қуанамын.  Меніңше, Қанипа апайдың арманы орындалды. Себебі, өлеңдері ел-жұр­­­тының жүрегінде», – деп тебі­рен­ді.

Әсем әнмен  өрілген жыр кеш әнші Роза Шымырбекованың орындауында  ақын Қанипа Бұғыбаева­ның сөзіне жазылған композитор Қы­дырбек Мәлібековтың «Аққу ар­ман» әнімен түйінделді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір