ҚАРТ ОҚУ ОРДАСЫНА 95 ЖЫЛ
2 қараша күні Алматыдағы Абай атындағы опера және балет театрында Абай атындағы Қазақ Ұлттық университетінің алғаш оқу ордасы болып құрылғанына 95 жыл толуына орай мерейтойы аталып өтті. Мереке оқыту Бас ғимаратының үлкен залында ұйымдастырылған білім ошағының тарихын шежірелейтін фотосуреттер мен әралуан экпонаттар қойылған көрмемен басталып, салтанатты жиыннан соң өнер шеберлерінің концертіне ұласты.
Көрмеде қазақ халқы, Қазақстан үшін бар саналы ғұмырын арнаған Дінмұхамед Қонаевтың табиғатын даралап көрсеткен картинкасы жұртшылық назарын ерекше аударды.
Жиын барысында алғашқы сөз Абай атындағы білім шаңырағының ректоры Болат Анапияұлы Тілепке берілді. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек оқытушылар мен студенттерді экран арқылы құттықтаса, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың құттықтау хаты арнайы өкілі тарапынан жария етілді.
Кеште Ахмет Байтұрсынұлы ашқан тіл білімі институтында сақталған бейнетаспа үзінділері көрсетілді.
Университетте сандаған кадрлар дайындап, оқыту саласына еңбегін сіңірген, ғылымдағы, мәдениеттегі және мемлекеттік қызметтегі жетістікері үшін оқытушы, доцент, профессорлар қауымына Ғылым және жоғары білім министрлерінің арнайы төсбелгілері табыс етілді:
Педагогика ғылымдарының докторы, Қорлан Жампейісова , заң ғылымдарының докторы, академик Салахиден Сабикенов, тарих ғылымдарының докторы, академик, Мамбет Койгелдиев, физика-математика ғылымдарының докторы, физика кафедрасының профессоры Құлбек Марат, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Бағдат Косанов, биология ғылымдарының докторы, университеттің қауымдастырылған профессоры Докторхан Айдарбаева «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерімен марапатталса, психология ғылымдарының докторы, профессор Надежда Жиенбаева, филология ғылымдарының докторы, профессор Гулбану Қосымоваға «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі табысталды.
Қарашаңырақ
Қазыбек ИСА,
ақын,
ҚР Парламент
Мәжілісінің
депутаты
Ең алғашқы жоғары оқу ордасын,
Бітіргенім қанат берер үнемі.
Қарашаңырақ ғылым
жырын толғасын,
Сан қияға самғаған сан түлегі!
Суретші боп келген баста талабы,
Мен бұл жерді жиі көргім келеді,
Ақын болдым,
мұнда ұшталған қаламы.
Қалай ғана мақтанбайын, себебі
Ұлылардың тиген жер ғой табаны.
Ұстаздарға ұстаxана әр күні,
Табыстары келеді ылғи молайып.
Ұядан бұл ұшқандардың барлығы
Ұлы Абайдың атына сай болайық!
Тоғжан БЕРДАУЛЕТ,
Абылай хан атындағы
Қазақ халықаралық
қатынастар және әлем тілдер
университетінің
2 курс студенті