Қоңыр дәптерге қонған ойлар
14.05.2024
134
0

Құдайтануда дін иелеріне көп қойылатын бір сұрақ бар. Ол мынадай:
– Құдайсыз қурай сынбайтын болса, тағдырдың бәрі туылғаннан пешенемізге жазылатын болса, онда, біз мына тіршілікте неге тыртаңдаймыз, ананы істейміз, мынаны істейміз деп?! Бәрібір Құдайдың жазғаны болады емес пе?! – деген сұрақ.

 

Ғаламторға қарап отырсақ бұ сұрақты қоюшылар христиандар арасында да, мұсылмандар арасында да жетеді екен. Бұл сұрақты қоюшылар мәселені одан әрмен ушықтыра түсу үшін тағы да былай дейді:
– Құдайсыз қурай сынбайтын болса, адам жасайтын қылмыстардың бәрі пешенемізге о бастан жазылып қойылған болса, онда, біз неге Қиямет Күні күнәларымыз үшін Құдай алдында жауап береміз?! Біздің пешенемізге сол күнәларды бат­титып жазып қойған Құдай жауап беруге тиіс емес пе?! – дейді.
Бұл сұраққа да дін иелері өздерінше жауап беріп жатады. Бірақ қалай, қайтіп жауап бергендері есімізде жоқ. Бұл сұраққа біз де жауап іздедік. Өз әл-қадарымызша, әрине. Алдымен, қолымызға Ибн Касирдің 1301 жылы жазылған «Пайғамбарлар қиссасы» түсті. Бұ кітап Аллатағаланың ең алғаш Қалам мен Лаухул-Маһфузды жаратқанынан басталады екен. Мухаммед с.ғ.с:
«Аллаһтың ең алғаш жаратқан нәрсесі – Қалам. Сосын оған: «Жаз!» – деді. Ол сол уақыт­та Қиямет Күніне дейін болатын нәрселерді жазды», – деген.
Бұл Убада ибн Самит жеткізген хадистен. Демек, Алланың әмірімен тағдыр кітабы Лаухул-Маһфузге Қиямет-Қайымға дейінгі жаратылыс, тіршілік тағдыры түгел жазылып қойыл­ған. Оның ішінде өмірге әлі келмегендер тағдыры да бүге-шүгесіне дейін жазылып қойылған. Соған қарағанда, тағдыр кітабы Лаухул-Маһфуз – бүгінгі біздің тілімен айтқанда суперкомпьютер. Оған Алланың әмірімен күллі жаратылыс пен күллі тіршілік тағдырлары толық жазылып түгел сыйып кеткен.
Адам баласына Аллатағала бұ жалғанда өз қалауынша әрекет етіп өмір сүруге ерік бергені де белгілі болатын бізге қасиет­ті кітаптардан. Сондықтан да, Таңда Мақшарда әр пендеден жеке-жеке жауап алынатыны белгілі болатын. Ойлап қарасақ, адам басына ерік берілмей, ол тек Құдай қалауымен жүріп-тұрар болса, онда ол адамды Құдайтағала қалай жазаламақ?
Демек, Құдайтағаланың адам баласына ерік бергені және Құранда айтылғандай, бұ жалғаншының адам баласына сынақ үшін берілгені ақиқат. Осы ақиқат­тан тағы бір заңды сұрақ туады. Әр адам өзіне берілген еріктің арқасында білгенін істейтін болса, онда, әр адамның болашақ әрекетін Құдайтағала қалайша алдын-ала хат­тап жазып қойған деген сұрақ туады, яғни Аллатағала біздің болашақ тағдырымызды түгел түгендеп қалайша Лаухул-Маһфузға жазып қойды деген сұрақ шығады.
Міне, осы сұрақтың өзі біздің ойлау жүйеміздің шектеулі екенін көрсетеді. Біздің ойлау жүйеміз шектеулі болғандықтан да Құдайтағаланың шектеусіз болмысын зерделей алмаймыз. Болмысты тек өз биігімізден бағалаймыз. Аллатағала құдіретін ойша қамти алмаймыз. Сондықтан да, тағдыр кітабы – Лаухул-Маһфузға адам баласының барлық болашағы жазылып қоюылуы – біз үшін ақылға сыймайтын нәрсе. Бірақ біз бірнәрсені ұмытып кетеміз. Болашақты болжағыш пенде көрсек тоқтай қалып құлақ түретінімізді ұмытып кетеміз. Бірақ болашақты болжау Құдайдың талай құлдарының да қолынан келгенін ұмытып кетеміз. Тарихта заманын тамсантқан талай әулие көріпкелдер болғанын ұмытып кетеміз. Сөйте тұра, біздің болашағымыз жазып қойған Құдайтағаланың Лаухул-Маһфуз кітабына сенбейміз?! Сенбейтініміз ақылымызға сыймайды.
Тоқтаңыз, біздің ақылымызға сыйса ол Құдайтағала болар ма еді?! Құдайтағала – шексіз. Біздің ақылымыз шектеулі емес пе еді?! Осы сұраққа кезінде Абай хәкім де бас қатырып: «Аллатағала – өлшеусіз, біздің ақылымыз өлшеулі. Өлшеулімен өлшеусізді білуге болмайды!» – деп жазып кетпеп пе еді?!

* * *

Философияда «трансцендент­ті» деген термин бар. Жалпақ тілмен айт­қанда қолмен ұстап, көзбен көруге болмайтын адамның сезім мүшелері арқылы қабылданбайтын құбылыстарды айтады. «Мистика», «ғайып» деуге келеді. ХІХ-ғасырдан бастап осынау көзге көрінбейтін, қолға ұстауға болмайтынның бәріне тәкаппар ғалымдар қолды бір сілтеді, надандық деп. Тәкаппар ғалымдар, сөйтіп, көзге көрінбейтіннің бәрінің маңдайына, яғни Құдай, дін, аруақ дегендердің маңдайына «дін – апиын» деп таңба басты да тарих қоқысына лақтырды. Мешіт пен шіркеу­лерді сүрді. Қожа молдалардың соңына шам алып түсті. Сөйтіп, құдайсыз қоғам құрды.
Алайда ХХ ғасыр басында тәкаппар ғалымдардың күйсеуі өзгере бастады. Себеп, бұл ғалымдар тереңнің тереңіне үңілген еді. Материяның ең кіші бөлшегі – атомға үңілген еді. Ғылым сол атом ядросындағы элементар бөлшектерге үңілді. Ол бөлшектер – протон, нейтрон және оларды айналып жүретін электрон, яғни анау көктегі алып планеталардан бастап мына Жердегі бит­тей бізге дейін осы атомдардан тұрамыз. Мінеки, сол тәкаппар ғалымдардың бірі атом ішіне үңіліп үркіп кет­ті. Өйткені оның назары түскенде атом ішіндегі элементар бөлшектер жүрісінен жаңылып дірдектеп кеткен еді. Ғалым назарын ала қашты. Сол-ақ екен элементар бөлшектер бұрынғы қалпына оралды. Ғалым өз көзіне өзі сенбеді. Атом ішіне микроскоппен қайта үңілді. Элементар бөлшектер тағы да дірдектеп кет­ті. Осыған дейін дүниені материя билейді деп келген ғалым таңданғаннан естен танып қалды. Өйткені ол өзі айтып жүргендей сананың материяға емес, керісінше материяның санаға бағынғанын өз көзімен көрді. Материяны қозғап тұрған Құдірет­тің аты «сана» екенін көрді, яғни жаратылыстағы бірінші Құдірет сана екенін көрді. Квант механикасы аталатын бұл жаңалықтан кейін құдайсыз ғылымның күйсеуі күрт өзгерді ХХ-ғасыр басында.
ХХ-ғасыр басында тәкаппар материалистерге квант­тық физика тағы бір «тосын сый» жасады. Тіршілік иелері, яғни, біздер атом жиынтығынан құралған молекулалардан тұратынымыз белгілі. Енді, тәкаппар ғылым сол молекулаларды екіге бөліп бірін бір құрлықта қалдырып, екіншісін екінші құрлыққа апарып тастады. Содан кейін, бірінші құрлықтағы молекуланы түртіп қалып еді, екінші құрлықтағы оған туыс молекула шоршып түсті. Тәкаппар ғалымдар таңғалғаннан тағы да талып қалды. Өйткені екі құрлыққа бөлінген екі туыс молекуланың арасын не байланыстырып тұрғанын білмегендіктен талып қалды. Ақыры ес жиып екі құрлыққа бөлінген туыстас молекулалардың бірін тағы түрт­ті. Молекулалар Жердің екі шетінде тұрса да бөлінбеген бір ағза тәрізді тағы да бір мезет­те шоршып түсті. Табиғат­тың бұл сырын түсіндіруге тәкаппар ғылымның басы жетпеді. Сондықтан, олар табиғат­тың бұл сырын – «квант­тық күрмеу» деп атады.
Осы оқиғадан кейін ХХ ғасырда тәкаппар ғылым өзгере бастады. Жаратылыста адамның миы жетпес құпия жететінін мойындай бастады. Ғылым заманауи өркениетке дейін адамзат тарихында айтылумен келе жатқан, бірақ өздері өз қолымен «дін – апиын» деп қоқысқа тастаған трансцендент­ті құбылыстарға енді қайта мән бере бастады. Қараса, бұлар енді ашқан ғылыми жаңалықты адамзат баласы атамзаманнан іс жүзінде қолданып келіпті. Әулие­лер бір құрылықта тұрып-ақ екінші құрылықтағы Қағбаға барып намаз оқи беріпті. Ғылым бұны телепортация дейді. Аруақтар ана дүниеде жүріп те, мына дүниедегі жақындары шындап шақырса, жанынан табылыпты. Соны білген бөрікті қазақ жауға шапқанда квантсыз-ақ, «Аруақ!» «Аруақ!» – деп ұрандатыпты.
Бұл ақиқатқа халық көзі ғылымсыз-ақ Құдайға деген сенім арқылы жетіпті. Тәкаппар ғылымдай мұрын шүйіріп Құдайдан безбепті. ХХ ғасырда, сонымен, асқақтағандарды уақыт­тың өзі тәубесіне келтірді. Ғылым мен дін, сөйтіп, ХХІ ғасыр табалдырығын қол ұстасып бірге ат­тай бастады. «Дінсіз ғылым – ақсақ. Ғылымсыз дін – соқыр», – деген Эйнштейннің айтқаны келді.

* * *

Даңғайыр мына дүниеде рабайсыз, яғни, қисапсыз байлыққа ие болғандар бар. Олардың алдында екі жол жат­ты. Бірі – оң да, бірі – сол. Оң жолға түскендер, Хақ жолында халыққа қалтқысыз қызмет ет­ті. Сол жолға түскендер халыққа емес, Сайтанға қызмет ет­ті. Бүгінгі әңгіме осы Сайтан жолына түскендер туралы. Батыс алпауыт­тары ХІХ ғасырда Хақ жолынан ауытқып Сайтан жолына түсті. Бүгінде әлем байлығының жартысы сол Сайтанға ерген 26 алпауыт­тың қолында. Олардың «киімі –көк, тамағы – тоқ». Проблема жоқ. Керектінің бәрі бар. Дүние тұрғанша ұрпақтарына жететін байлығы да бар. Ендеше, бергеніңе «шүкір», – деп, бұлар неге тыныш жатпайды? Жоқ. Жатпайды. Олар атамзаманнан «Масондық ложа», «300-дің комитеті» тәрізді астыртын ұйымдарға бірігіп әлемді ашса – алақанында, жұмса – жұдырығында ұстағылары келді. Ал бұлардың бұл әрекетіне керте тұрғандардың, АҚШ президенті Джон Кеннеди тәрізді, айдың-күннің аманында басы кет­ті. 1963 жылғы бұл оқиғадан кейін осы елдің Бзежинский, Киссинджер тәрізді алыптары қолдаған әлемдік астыртын өкімет, яғни, «300-дің комитеті», «Жаңа әлемдік тәртіп» орнату үшін 1968 жылы Римде «Рим клубын» құрды. Оған әлемнің 100 елінен 100 өкіл қатысты. 1972 жылғы осы клубтың алғашқы отырысында америкалық ғалым Медоуз «Өсудің шегі» ат­ты баяндама жасады. Осы баян­дамасында Медоуз 8 миллиард болуға бет­теген адамзат­ты шектеудің сұрапыл шешімін ұсынды. Осынша көп халыққа Жер ресурстары жетпейді дегенді желеу етіп. «Жер ресурстарын сақтау үшін Жер бетінде 1 миллиард халықты қалдырып, қалған 7 миллиардты қысқарту керек», – деп, төрткүл дүниенің төбе шашын тік тұрғызды. Сонда, аман қалуға тиісті бақыт­ты 1 миллиард кімдер дейсіз ғой? Олар «алтын миллиард» ақтар екен. Ал қалған 7 миллиард бейбақтар болса, Жердің басы артық тұрғындары ретінде келместің кемесіне отырып қарасын батыруға тиіс екен. Бұл ақпарат­ты естіген құлақ, көрген көзде жазық жоқ. Бұл – жарияланғанына жарты ғасыр болған ақпарат. Жасырын емес. Ашық ақпарат. Қаласаң да осы, қаламасаң да осы. Астыртын өкімет аталатын «300-дің комитетінің» Рим клубы мінберінен жариялаған жаңа әлемдік тәртібі – осы. Сонда, сұрақ туады. Жер бетіндегі басы артық аталынған 7 миллиард байғұсты бұл глобалистер қалай құртпақ деген. Олар о жағын да ойластырып қойыпты. Оны біз жер бетінде коронавирус тарай бастағанда байқадық. Глобалист Билл Гейтс: «Адамзат енді, кемінде, 15 пайызға қысқарады!» – деп жар салды. Сонда, біз, адамзат­ты қысқартудың бір тәсілі індет екенін байқадық. Бірақ бұ жолы бұл Сайтанға ергендердің көздегені болмады. Коронавирус адамзат­ты нәсілге бөліп жатпады. Шетінен қара шыбындай қыра берді. Глобалистер де қарап жатпады. Бірінен-бірі өтетін қару түрлерін ойлап тапты. Ядролық қарудан бөлек олар генетикалық қару, тектоникалық қару, климат­тық және антиматериялық қару дегендерді ойлап тапты. Сөйтіп, бүгінде, глобалистер адамзат­тың екі аяғын бір етікке тығуға сақадай сай дайын отыр. Әлемнің бір түкпірінде соғыс бұрқ етсе бұлардың Құдайы береді. Қару саудасы шарықтап, қалталары толады.
Сайтан болса мәз, сан шапат­тап. Қалай мәз болмасын?! Әлемнің алпауыт­тары бұның сойылын соғып жатса. Алпауыт елдер Сайтанның шіркеуін бірінен кейін бірі ашып жатса. Батыс әлемінде, әсіресе жастар арасында сол шіркеулердің беделі барған сайын өсіп жатса. Қалай мәз болмасын? Сөйтіп, бүгінде Сайтанның тасы өрге домалап басқа шауып, төске өрлеп тұр. Бұның ізіне ергендер адам болғалы жайнаған туы жығылмаған адамгершілік дегендерді алып ұрып аяққа таптады. Антұрған нәпсіні әлпештеп төбесіне көтерді, ту ет­ті. Сол ту астында Сайтан шіркеуінде жынойнақтар басталды. Әлемнің түкпір-түкпірінен ұрланған бейкүнә сәбилер осы оргияда құрбандыққа шалынды. Жынойнаққа жиналғандар баланың тап-таза қанын ішті. Дәрі орнына. Оның аты – адренохром. Бала қанынан жасалатын ішірткі. Оны ішкен адамның өміржасы ұзарады-мыс. Содан бүгінде, әлем бойынша бала ұрлап сатушылар бизнесі белең алып тұр. Бұл бизнестің жыл сайынғы табысы 500 миллион доллардан асады. Күн сайын әлемде 2000-дай бала ұрланады.
Осынау, Сайтан шіркеуін кезінде президент Рейган қолдаған. Бүгінде АҚШ-тағы сатанистер саны ФБР-дің бұрынғы директоры Тед Голдерманның айтуынша, 4 миллионнан асады. Олар жылына 50 мың баланың қанын ішеді. Германияда сатанистер 85 мыңнан асады. Сайтан шіркеуі Ресейде де ашылған. Бұл шіркеулер азғындықты насихат­тауда алдына жан салмайды. Астыртын өкімет­тің /deep state/ бұл астыртын қылмысын ашуға, жариялауға, жазалауға ешбір өкімет бара алмайды. Себебі қорқады. Өйткені Техаста талтүсте атылған Джон Кеннедидің тағдыры есте. Екінші, жағынан бұл астыртын қылмыс жайлы ауыз ашқан бірер автордың жазуынша сол астыртын оргияларды қыздырып жүргендердің өзі – мүйізі қарағайдай мемлекет қайраткерлері. Заң шығарушы депутат­тар. Жарқыраған өнер жұлдыздары, яғни элита.
Сатанизм символы – пирамидаға орнатылған көз. Ол не? Ол – бүкіл әлемді бақылауда ұстаймыз деген сөз. Бүгінде қолына смартфон ұстамайтын жан жоқ. Осы смартфон арқылы біз де бақылаудамыз. Қолымыздағы смартфон арқылы біздің жүріп-тұрғанымыз, не айтып, не қойғанымыз бақылауда. Сондықтан, бүгінде үлкен байлық пен билік иелері смартфон ұстамайды. Қарапайым телефон ұстайды. Бірақ бұл қулықты глобалистер біліп қойған. Сондықтан аласұрып адам біткенді бақылаудың басқа тәсілін іздеді. Тапты. Оның аты – чип. Глобалистер жоспары бойынша көп ұзамай әлемдегі әрбір адамның білегіне бармақ басындай чип орнатылады. Адамның бүкіл мәліметі осы чипке енгізіледі. Чипсіз банкке, дүкенге бара алмайсың. Ұшаққа отырып шетелге шыға алмайсың. Қысқасы, чипсіз адам емессің. Арам өлесің. Бұл кімге керек еді? Бұл осы чипті ойлап тапқан алпауыт­тарға керек еді. Бүкіл адамзат­ты бақылауда ұстау үшін. Тіптен қажет болса сен чиптің айтқанын орындап, айдағанына жүресің. Зомби боласың. Мінеки, сөйтіп, «кім ақшаны билесе, сол әлемді билейді» деген глобалистер ұраны іске асады, яғни ақшаны билегендер әлемді билейді, осы чип арқылы глобалистер адамзат санын қалауынша рет­теп отыруды да қолға алады. Сөйтіп, адамзат­ты ашса – алақанында, жұмса – жұдырығында ұстайды. Біз осындай болашаққа бет­теп келеміз.

* * *

Барлық қозғалыстар ой қозғалысынан басталады. 19 ғасырда бірер ойшылдың басына келген ой, түптің түбінде тарихты төңкеріп түгел адамзат­тың түбіне жете жаздады. Ол қандай ой еді? Оны қозғаған кімдер еді?
XIX ғасырдың бірінші жартысында: «Адамзат санының өсуі Жер бетінде адамзат­ты үлкен экономикалық дағдарысқа ұшыратады» – деп ой толғаған ағылшын Мальтус адамзат­тың көбеюіне ат­тандап қарсы шықты. Атағы дүр ет­ті. Еуропа елең ет­ті.
XIX ғасыр ортасында: «Тіршілікте тек күштілер ғана өмір сүруге тиіс, өйткені оларды табиғат­тың өзі осылай сұрыптаған», – деп «Джунгли заңын» өмірге енгізбек болған Дарвин Айды аспаннан бір-ақ шығарды. Құдайды мансұқтауда бұ жаһил алдына жан салмады. Сөйтсек, қателескен екенбіз.
XIX ғасыр соңында ой сахнасына ырғып шыққан неміс Ницше: «Құдай өлді», – деп дәлелдеп өзіне дейінгі жаһилдерді шаң қаптырып кет­ті.
Сөйтіп, XIX ғасыр бойы Құдаймен қоштасып, Сайтанмен достасуға бет­теген Еуропа, осылайша, түптің-түбінде адамзат­тың түбіне жетер фашизмді толғата бастады.
Оған себеп, Ницше: «Құдай өлді», – деп жар салғанда Еуропа селк етсе де, бұл ойшылдан бас тартпады. Керісінше, қол шапат­тап оны қолдаушылар шықты. Қолдаушылар бірінші болып Германияның өзінен шықты. Партия құрды. Сөйтіп, 1920 жылы Германияда ұрда-жық нацистік партия өмірге келді. 1921 жылы бұл партияның басшылығына Гитлер келді. 1933 жылдан бастап ол фюрерге айналды.
Гитлер рухани ұстазы Ницше архивін зерт­теуге 3 рет келеді. Әрине, иман іздеп келмейді. Фюрер Ницше мұрасынан іздегенін табады. Әйгілі философтың «Заратуштра осылай деген», «Билікке құштарлық» ат­ты атышулы еңбектерінен фюрер іздегенін табады. Оны фашизм ұранына айналған «Үстем адам» теориясынан көруге болады. «Үстем адам» – Ницше философиясының өзегі болды. Ницше адамдарды екіге бөлді. «Үстем адамдар», және, оларға бағынатын «Құл адамдар» деп. Фашизм: «Құл адамдар құрымай қоғам оңбайды» , – деп ұрандат­ты. Сонда, «Құл адамдары» кімдер еді? Олар – әлсіздер, аурулар, мүгедектер және «адам еместер» еді. Фашизм қыза келе «Адам еместер» қатарына түгел бір халықты да жатқыза салды. «Адам еместерді» құрту – «Үстем адамдардың» міндеті», – деді. Қоғамды тазалау үшін. Ал «Үстем адамдар» кім десеңіз – «арийлар», – деді.
Гитлер Ницшеден қоғамды «кемел етудің» тазалаудың тағы бір жолын үйренді. Ницше: «Қоғамды кемел етудің төте жолы соғыс», – деп жазған еді. «Үстем адам соғыс үшін туған», – деген еді, жоғарыда аталған еңбектерінде. Бұл теорияларды Гитлер Құрандай жат­тап, тұмардай сақтап фашизмнің ұранына айналдырды. Гитлер «Үстем адамдарды», арийларды өз мақсаты жолында ешнәрседен тайынбауға шақырды. Аяушылық, мейрім, қайырымдылық дегендерді ұмытуға шақырды. «Сонда ғана сен Үстем адам бола аласың», – деді. Бұл ұранға жасөрім неміс жастары имандай сенді.
Демек, барлық қозғалыстар ой қозғалысынан басталады екен. Бүгінгі әлемнің түкпір-түкпірінде болып жатқан қантөгістердің де авторлары бар. Осы қантөгістердің барлығы да бүгінгі фюрерлердің ой қозғалысынан басталған.

P.S. Фридрих Ницше 1900 жылы есінен адасып жынданып өлсе, Адольф Гитлер совет әскері Берлинді алғаннан кейін 1945 жылы өзін-өзі атып өлтіргені белгілі.

 

Смағұл ЕЛУБАЙ,
Қазақ­станның Халық жазушысы

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір