Балалар әдебиетінің даму бағдары қаралды

Ақпан айының 4 күні Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасы жанындағы Балалар әдебиеті кеңесінің кезекті отырысы болып өтті.
Отырыстың күн тәртібінде өткен жылдың аяғында бекітілген жоспар бойынша қазіргі балалар әдебиетіне қатысты мәселелер талқыланды. Соның ішінде, ең бастысы – балалар әдебиетінің қазіргі ахуалы жөнінде арнайы конференция ұйымдастыру керегі айтылып, оның қандай
форматта өткізілетіні жөнінде тиісті шешім қабылданды. Сондай-ақ балалар қаламгерлерінің мүшел тойын өткізу, оның ішінде, өмірден өткен тұлғаларымызды еске алуға байланысты іс-шаралар ұйымдастыру жайына баса назар аударылды. Сонымен бірге жаңа шығармаларды талқылап, кейбір орынсыз айтылып жүрген пікірлерге байланысты ойларды ортаға салып отыру керегі және балалар қаламгерлерінің жаңа туындыларын сыйлыққа ұсыну мәселелері қаралды. Отырыс жұмысын кеңестің төрағасы
Нұрдәулет Ақыш қорытындылады.
Оқырмандарымыз үшін Жазушылар одағы басқармасы жанындағы жанрлық кеңестердің қай-қайсысы да қоғамдық негізде жұмыс істейтін шағын ұйымдар екенін айта кетпекпіз.