АУДАРМАШЫ АБДЫРАҚЫН НҰРХАЛЫҚ ШАНХАЙЛЫҚ ЖАЗУШЫ ШЭНЬ СИШИДІҢ «ҚАСҚЫРЛАР ПАТШАЙЫМЫ» РОМАНЫН ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕТТІ
17.11.2023
29
0

Қазақ -қытай байланыстарының қарқынды дамуы аясында Алматыдағы «шығыс әдебиеті баспа» компаниясы қытай романдарын қазақ тілінде сөйлетуді өзіне міндет етіп алған.  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті Кытайтану кафедрасының аға оқытушысы PhD, жазушы, аудармашы Абдырақын Нұрхалық Шанхайлық жазушы  Шэнь Сишидің  «Қасқырлар патшайымы» романын қазақ тілінде сөйлетті. Аталмыш кітаптың тұсаукесері оқырманға таныстырылымы 15 қарашада «Шанс» кітап үйінде өтті. Қазақстан Жазушылар Одағының кеңесшісі Саят Қамшыгер бастаған қаламгерлер мен кітап редакторы тағы басқалар қатысты.

Аталмыш романда жазушы ұзақ жылдар зерделеп түйген ойлары мен Тибет даласында қар жамылып, қасқыр әлемін жете бақылап жазған романы. Романда Паядиң қасқырлар апанын басқарған Көксұр қаншық қасқырдың қилы тағдыры өте тартымды баяндалады. Адамзат баласы жоғалтқан қоғамдық тәртіп, ұрпақ тәрбиесі, неке заңы, үлкенді сыйлау, кішіні аялау тб. біздің азғындаған тұсымыздың түз тағысы бөрілерде қаз -қалпында сақталғанын кестелі тілмен, нанымды сюжетпен тамаша жеткізеді. Аудармашы майын тамызып, қаймағын бұзбай жазушының ойына ілесе шебер аударған.

Мақала жолдаушы: Маулит Б.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір