Туған жерге сая болар саябақ
28.03.2024
842
0

Белгілі ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Маралтай Райымбекұлы туған жерінің топырағына мыңнан астам көшет отырғызып, саябақ ашты.

Жамбыл облысындағы Игілік ауылының тұрғындарын ерекше күйге кенелткен игі іс хақында: «Өздеріңізге Мемлекет­тік стипендияның иегері болған сәт­те берген уәдеміздің үдесіне жеткендей болдық. Құдай қаласа, енді Игілік ауылындағы саябақта мың екі жүз елу түп ағаш тамыр байлап, ауыл жұртшылығына саясын ұсынбақ. Осынау бастамаға қолдау көрсеткен Сарысу ауданының әкімі Сәкен Мамытов мырзаға алғыс айтам. Ақ батасын аямаған ауыл ақсақалдарына рахмет! Сондай-ақ Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Қайшыбекұлының жақсы бастаманың басы-қасынан табылғаны ел-жұрт­ты разы ет­ті. Игілік ауылындағы саябақта елімізге белгілі тұлғалар, қадірлі жерлестеріміз — Асанәлі Әшімов пен Илья Жақанов, мемлекет және қоғам қайраткері Қанатбек Қайшыбекұлы есімдеріне тиесілі ағаш көшет­тері отырғызылды. Көгер, көкте, өс, өркенде, айналайын, асыл мекен – ауылым!» – дейді қаламгердің өзі.
Жүрегімнен жүз бұтақ өріп шығып,
Айналып кетсе, шіркін, талға денем, — деп жырлаған ақынның бұл бастамасы жерлестерін ғана емес, күллі Қазақ елін қуантып, қаламгерлер қауымына да тың серпіліс сыйлады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір