Жерлестеріміз жерге қаратпады
02.06.2026
38
0

2026 жылдың мамыр айы еліміздің спортшылары үшін үлкен халықаралық және ішкі жарыстарға толы болды. Қазақстандықтар әлемдік ареналарда өнер көрсетіп, жаңа жеңістерге қол жеткізді. Көркем гимнастика, күрес түрлері, теннис, батуттағы гимнастикадан Гонконгта, Бішкекте, Вьетнамда ересектер мен жастар арасында Азия чемпионаты өтті.

Бішкекте көркем гимнастикадан Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Турнирдің соңғы жарыс күнінде жекелей жаттығулар бойынша финалдар өтіп, жүлделер сарапқа салынды. Жерлестеріміздің барлық бағдарламада мерейі үстем болды.
Спортшымыз Ақмарал Ерекешева жарысты сәтті өткізіп, қоржынын толтырды. Ол шығыршықпен орындалатын жаттығуда күміс медаль еншілеп, доп және ұршықтармен жасалатын жаттығуларда қола жүлдегер атанды. Ал Айбота Ертайқызы таспамен орындалатын жаттығуда үшінші орынға ие болды.
Топтық жаттығуларда жерлес спортшы қыздарымыз екі рет жеңіс тұғырына көтерілді. Айзере Кеңес, Айзере Нұрмағамбетова, Кристина Чепульская, Мадина Мырзабай, Аида Хәкімжанова және Жасмин Жүнісбаева бес доппен орындалатын жаттығуда екінші орын алды. Ұлттық құрама үш шығыршық және екі жұп ұршықпен орындалатын жаттығуларда күміс медальға ие болды.
Жекелей көпсайыста Айбота Ертайқызы күміс жүлдегер атанған еді. Ал топтық көпсайыста қазақстандық гимнастар жарысты үшінші орынмен аяқтады. Командалық көпсайыс қорытындысында Қазақстан құрамасы екінші орын алды.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір