«Наурыздың нұры» ерекше әсерге бөледі
29.03.2024
788
0

Жуырда «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК С.Мұқанов пен ­­­­Ғ.­Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешенінде Ұлт­тық мейрам – Наурыз мерекесіне орай «Наурыздың нұры» ат­ты әдеби кеш өт­ті.
Кешке ф.ғ.д., профессор, ақын, сатирик Қажытай Ильясовтың зайыбы Р.Зайкенова, белгілі жазушы Тұрсынәлі Рыскелдиев, ақын Кәмнұр Тәлімұлы, әнші, ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері Е.Шүкіман, қауымдастырылған профессор А.Көшекова, күйші Нұржан Қажытайұлы, С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешенінің жетекшісі А.Көшербаева қатысты. Кеш модераторы ақын, С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешенінің аға ғылыми қызметкері Әділғазы Қайырбеков болды. Руда Зайкенова музей кешені қорына Қажытай Ілиясовтің 85 жылдығына орай жарық көрген жеті томдық шығармалар жинағын және өзінің ғылыми еңбектерін тапсырып, ақын және қоғам, жазушы және уақыт, ғалым және уақыт, ғалым және жаһандану, қаламгер мұраты төңірегінде кеңінен әңгіме өрбіт­ті. Кеш соңы ән мен күйге, жырға ұласты.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір