ҚАЗАҚ ЖОЛЫНДАҒЫ ҚҰРБАН
04.03.2016
1462
0


12605545_973277609386860_8884805928384071021_o«Ғылым ордасы» РМК Ғы­лы­ми кітап­ханасының қо­рын­да Әлихан Бөкейханның 1923-27 жылдар аралығында жарық көрген біраз еңбектері бар. Атап айтар болсақ, Т.Тутковскийден аударған «Жердің қысқаша тарихы» (инв. №9412), В.Короленкодан аударған «Ма­кар­­дың түсі» (9365) және Л.Тол­стойдан аударған «Кавказ тұт­қыны», «Жұ­мыр­т­қадай бидай», «Жеті қарақ­шы» (9374) атты аудар­малары мен «Жамандат – топалаң» (9382), «1916-1926» (9399,9400), «Ден­саулық сақтықта» (9383), Ахмет Бай­тұр­сын­ұлымен бірге шығарған «23 жоқ­тау»  (9260) сынды шығар­ма­ла­ры бар. Аталмыш шығар­ма­ларда және басқа да газет ма­қалаларында Әлихан Бөкей­хан өзіне «Қыр баласы» деген лақап атты қолданған. Бұл еңбектер Ғылыми кітап­ха­на­ның Қазақ тіліндегі си­рек кітаптар қо­рын­да сақтаулы.

Ә.Бөкейханның саяси өмірбаянында 1916 жылдың дүрбелеңі мен майдандағы қара жұмысқа алынған қазақ жастарына көрсеткен азаматтық қызметі ерекше орын алатынын «1916-1926» атты еңбегінен байқауға болады. Сонымен қатар, Ғылыми кітапхананың Қолжазбалар қорында №1144 қолжазбада  Әлихан Бөкейханның қазақтың бас ақы­ны Абай Құнанбайұлы қайтыс болғанда жазған некрологы сақ­таулы. Ескерте кетер бір жәйт – қолжазба түпнұсқа болып табылмайды.

Әлихан Нұрмұхамедұлының бұдан бас­қа да көптеген мақалалары мен зерттеу жұ­мыстары айтарлықтай көп. Ол КСРО Ғылым академиясы ұйымдастырған экс­педицияға қатысып, Адай уезіндегі қазақ­тар (Казаки Адаевского уезда) жайында зерттеу жүргізеді. Ғылыми кітапхананың Сирек кітаптар қорында Р9к – К143 шифрымен сақтаулы бұл зерттеу жұмысында қазақтардың Адай уезіндегі жалпы саны мен адай және табын руларының шежіресін жазып, Адай уезінің картасын сызып көр­сет­кен.

«Әрбір қазақ – жалғызым» деп азат­тық­­тың құрбаны болған,  ұлт жанашыры Әлихан Бөкейханның халқына аянбай еңбек етіп, тер төккенін замандасы Жүсіп­бек Аймауытұлы оған арнау сөзінде: «Қа­раңғыда қан жылап, қаңғырған күнде ба­сыңды қазақ жолына құрбан қылған ағамыз, асқар беліміз! Өміріңде жүрген жолың біздей інілеріңізге жағып қойған шамшырақ», – деген болатын. Оның сөзін Сұлтанмахмұт Торайғыров та қоштайды.

Әлихан Нұр­мұх­амедұлы әрқашан да қазақ жүрегінде жеке-дара тұлға болып қала бермек. Асыл жүрегі елім-жерім, хал­қым деп соққан, бар­ша саналы ғұмырын хал­қы­ның азат­тығы мен дербестігі үшін арнаған ардақты азаматтар ымыздың ұлтжанды ойлары, әрекеттері өскелең ұр­пақ­қа өнеге. Ел бостандығы мен ұлт азат­тығы үшін құрбан болған ұлт зиялыла­ры­ның соңына қал­дыр­ған баға жетпес мұ­расы ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса беретіні айқын.

Ботагөз ТӨЛІМБЕТОВА,
«Ғылым ордасы»
 РМК Ғылыми кітапханасы
Сирек кітаптар, қолжазбалар және
ұлттық әдебиет бөлімінің қызметкері.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір