«Дауылды жылдардың жалынды жыршысы»
23.02.2024
684
0


Биыл отарлау саясатына қарсы азаттық қозғалыстың жарқын өкілі, қазақ халқының біртуар тұлғасы, ақын, күйші Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл толып отыр. Махамбет Өтемісұлы өзінің қайраткерлігімен бірге, отты, жалынды өлеңдері арқылы бар өмірін туған халқының мұңын жоқтауға, рухын көтеруге арнаған ақын. Осыған орай, «Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесіне» қарасты, Отбасылық оқу кітапханасының ұйымдастыруымен, Наурызбай ауданындағы № 207 мектеп-лицейінде «Дауылды жылдардың жалынды жыршысы» атты тарихи кеш өтті.


Кешке Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары – Нысаналиев Мирас Нұрланұлы; Наурызбай ауданы білім бөлімінің басшысы – Құсайынова Салтанат Амангелдіқызы; Жазушы, ғалым, сыншы, филология ғылымдарының докторы – Нұрдаулет Ақыш; «Үшқоңыр» республикалық газетінің бас редакторы, «Махамбет» қорының директоры – Болат Батыр; Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Республикалық «Жігер» фестивалінің лауреаты, жыр мүшәйралардың бірнеше мәрте жүлдегері, күйші – Талап Қараш; Ақын, «Махамбет» поэтикалық драманың авторы, драматург, «Шабыт», «Алаш» сыйлығының – Бақыт Беделхан; Ақын, Республикалық «Жігер» фестивалінің лауреаты, жыр мүшәйралардың бірнеше мәрте жүлдегері, күйші – Талап Қараш;, сонымен қатар, мектеп директорымен, мұғалімдері, кітапханашылары, оқушылары қатысты.


Іс – шара барысында оқушылар қойылым қойып, батырдың өлеңдерімен, батырға арналған арнауларын оқыды. Кешке келген қонақтар да ой-пікірлерін айтып, Махамбет ұлттық тұлға, оның батырлығын, ақындығын, күйшілігін, азаттық жолындағы күрескерлігін өскелең ұрпақтың санасына сіңіру басты міндет екенін сөздеріне тиек етіп, батырдың өмірінен сыр шертіп, шығармалары жайлы ойларымен, зерттеулерімен бөлісті. Ақын Бақыт Беделхан өзінің «Махамбет» поэтикалық драмасындағы негізі идеясын айтып, батыр жайында жазған өлеңін оқыды.
Кеш соңын кітапхана меңгерушісі Исабаева Ләззат Нұрғалиқызы қорытындылап, білім мекемесінің ұжымы мен өнер көрсеткен оқушыларды Алматы кітапханаларының директоры Мейрам Еркенұлы Бектембаевтың алғыс хатымен марапаттады.

Өскенбай Гүлжайна,

Кітапхана қызметкері

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір