«БІЗДІҢ СӨЗ»
26.02.2016
1240
4

Кітап обложкаЖақсылық Жүнісұлының «Біздің сөз» деп аталатын кітабы еңбектегі жеңіс пен жеңілістің, дүние өзгерістерінің, адамның ошақ-оты жан сезімінің картасы іспетті.

Поэзия, проза, поэтикалық философия және афоризм бөлімдерінен тұра­тын еңбектің көтерген жүгі сүбелі. Поэзия бөлімі сонау жас кезде бір деммен жазылған «Сенімен жалғыздығымды бөлісемін» деген өлең­дер топтамасымен ашылған. Ақ өлең түрінде жазылған өлең жолдарында ұйқас кемшін де, ой басым. Тосын ой айту жә­не оны философиялық ырғақпен беру қалыбымен поэ­зияның жақсы формасы жасалған. Жалпы, өлеңдері 330 беттен астам аумақты алып жатыр.
«Атқа тағзым» атауымен берілген проза бөліміндегі «Сталин, апам, көкем және мен» дейтін естелік хикаяты шынайы және көркем шыққан. Идеясы автордың өзі айтқандай, «Бар шын­дық – баланың тілінде» екені көрініп тұр. Оқиғасы шынайы, тілі жылы, сюжеті жеңіл.
Адам қаншалықты күрделі нысан болса, оның айтары мен біл­дірері де соншалықты биік әрі терең екенін осы еңбектің «Мен кіммін, шыныңды айтшы» деп аталатын поэтикалық философия тарауынан білеміз.
Афоризм – ауыр еңбек пен жан-дүниенің тылсымы. «Ақыл­ды сөзі барға сөйлеу кезегі келеді» тарауымен жүзге таяу тақы­рыпқа бөлініп берілген үш мыңнан астам афоризм шын мәнін­дегі қаламгер ойлылығының айнасы іспетті. Басқаша айт­қанда, жазушылықтағы жеңіс. Мұның алдында Ж.Жүні­с­ұлының «Даналықты тану» деп аталатын ғылыми-зерттеу еңбегі жарық көрген еді. Сөз етіліп отырған жаңа шығармасы – соның сәтті жалғасы, оқырман үшін сүбелі сый болмақ. Ең­бек «Тоғанай Т» баспасынан жарық көрді.

Санаткүл ШАЙМАХАНБЕТОВА.

 

ПІКІРЛЕР4
Аноним 03.10.2019 | 17:00

2015 ж шыққан.

Аноним 03.10.2019 | 17:03

Бұл кітапты оқып көру керек. Тақырыптары тағлымды. Біздегі қазақ ойшылдарының бірі екені көрінеді.

Аноним 03.10.2019 | 17:05

А. Ыбырай. Жақсы кітап екен. Бірақ қайдан табылады?

Аноним 03.10.2019 | 20:11

М. Сағымбай. Мұндағы поэтикалық философия тарауындағы туындылары өте терең, сезімталдықпен жазылған екен. Тек асықпай тұшынып оқыған дұрыс.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір