ТОҚАШ ӨМІРІ – КІТАПТА
Шымкентте «Әдебиет әлемі» сериясының «Талантымен талайды тамсандырған Тылсым тағдыр туралы толғаныстар» деп аталатын алғашқы кітабы қазақтың ақиық ақыны Тоқаш Бердияровқа арналған.
Кітапта жүзден аса автор Тоқаштың өмір соқпақтарындағы шуақты сәттері мен көлеңкелі кезеңдері жайлы сыр шертеді. Шымкент қаласындағы «Азиат» баспасынан полиграфиялық жағынан көркем безендіріліп шыққан бұл кітаптың көлемі – 512 бет, яғни 32 баспа табақты құрайды. Бұған қоса, сегіз беттен тұратын түрлі-түсті фотосуреттері бар.
Бүгінде аталмыш жинақтың екінші кітабы баспаға әзірлену үстінде. Оған негізінен, Оңтүстік Қазақстан облысындағы қаламгер қауым мен әдебиеттанушы ғалымдар, өзге де сала өкілдерінің туындылары енетін болады.
Жаңа жинақ қаламгерлермен қоса, ғылыми қызметкерлерге, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, сонымен қатар, әдебиет, мәдениет, өнер салаларының өкілдеріне, журналистерге, қазақ әдебиеті тарихын тереңірек білгісі келетін қалың оқырман қауымға арналған.
Фатима ҚАНАЕВА,
«Әдебиет әлемі» сериясының бас редакторы.