ЕКІ ӨЛЕҢ
1
Берекелі БЕКСҰЛТАН
«Күтумен өткен өмірде»,
Көзден кетсе де көңілде
Жүрген, қандастарды шақырдың
Атамекенге келуге.
«Жау жағадан алғанда»,
Қамтылмай соғыс қалған ба?
Ұқсайсың кей сырт көзге
Әйелдерді ғана жазғанға.
Өлеңнен бастап өнерді,
Романдар жаздың көлемді.
1916 жылғы көтерілісті
Бітірдің жазып сен енді.
Өзіңсің үздік баспагер,
Орбұлақты да ашқан ер.
Шыңғысханның ашып шындығын
Деп тілейміз жүз жасқа кел!
2
ОРАЛА БЕРСІН ЖИЫРМА БЕС
Деген кім «Жиырма бес қайта келмес»,
Жетпіс бес, ол – үш есе жиырма бес.
Ол саған үшінші рет қайта оралды
Төртінші рет келсе де артық емес.
Десем құптап қол соғып барлық әйел:
– Бесінші рет келсін, – деп берді кеңес.
Оразақын АСҚАР.