«МҰҚАҒАЛИ – МӘҢГІЛІК ҒҰМЫР»
Алматы технология және флористика колледжінде «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты байқау өтті. Колледждер арасында өткен қалалық байқауға қырыққа жуық студент қатысты. Студенттерге қойылған талап – Мұқағалидың өлеңдерін мәнерлеп оқу, ақын өлеңдеріне жазылған әндерді орындау.
Байқауды Алматы технология және флористика колледжінің директоры Айтбек Сәрсенғалиев ашты. Алматы қалалық колледждер қауымдастығының президенті Азисханов Жантілеу қонақ болып, өз сөзінде ұйымдастырушыларға алғыс айтты.
Мұқағали Мақатаев атындағы Халықаралық қоғамдық қордың президенті, ақынның келіні Бақытгүл Айдарова бастаған қазылар алқасының шешімі бойынша көркем сөз оқу номинациясы бойынша бірінші орынды АСжДК студенті Махаббат Мұңайтбасова, ән номинациясы бойынша АПК студенті Жандос Аманбай жеңіп алды. Рахима Сыдықова, Нұрбол Дүйсенбаев, Шахизат Нұржұма, Жанна Қасым атты студенттер жүлделі орындарды иемденді. Өзге де қатысушылар бағалы сыйлықтар және алғыс хаттармен марапатталды.