Қазақстан мен Корей достастығына 30 жыл
29.11.2023
111
3

Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа 30 жыл толуына орай «Тенгриада» спектакль-жобасы қарашада Ғ.Мүсірепов театры ғимаратында өтті.

         Екі ел арасындағы дипломатиялық келіссөздің 30 жылдығын атап өту Корея мен Қазақстанның ынтымақтастығын ілгерілетуге негізделіп отыр. 2022-2023 жылдары Корея-Қазақстан мәдени алмасу жылы деп жарияланғандықтан, жан-жақты жобалар мен спектакльдер ұйымдастырылуда. Соның бірі Республикалық мемлекеттік академиялық музыкалық комедия театры мен Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік  балалар мен жасөспірімдер театрының бірге сахналаған “Тенгриада” қойылымы. Поэтикалық формадағы  «Тенгриада»  қойылымы Корея мен Қазақстанды Ұлы Тенгридың ежелгі рухани күмбезінің астына біріктіреді. Аю елі  мен жолбарыс елі арасындағы шайқастар, қастандық пен сатқындық, рухтар мен бақсылар, өмір сүру үшін күрес бейнеленеді. Көрермендер екі ел арасындағы жекпе-жек пен шешімнің, жеңіліс пен жеңістің, ерекше хореографияның,  адалдық пен махаббат дастанына куә болды. Қойылымда сабырдың, құрбандықтың, махаббаттың символы Дангунның дүниеге келуі жер мен көктің бірлесуі, сезім мен парасаттың, ер мен әйелдің үндестігі деп түсіндіріледі. Тереңінде зорлық-зомбылық орнаған дәуірдің аяқталып, адамдарды өлтіретін әлем деп емес, оларды құтқаратын уақытқа келу жатыр.   

Режиссері Кан Тэ Сик, хореографы Цой Анна Вадимовна. Жобаға Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының артистері: Руслан Абу, Олжас Сақ, Нариман Егимбеков, Ұлжан Оразаева, Алихан Карибаев және Гүлзада Иманғалиева қатысты. Сонымен қатар Кореяның атақты актерлері Ким Ын Су, Сон Чон Хак, Ли Сон Ёль, Ким Дон Ён спектакльдің басты рөлдерін сомдады. Танымал тұлғаларды қазақ сахнасынан көру үшін театр табалдырығын  жаңа көрермендер аттады. Осыған дейін өнердің бұл түріне немқұрайды қараған жастардың  қызығушылығы оянып, алдағы уақытта жиі келу керек деп, ерекше әсерлерімен бөлісті.

 Алтынай ҚАРАШ,
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және

әлем тілдері университетінің студенті

ПІКІРЛЕР3
Аноним 01.12.2023 | 21:41

Керемет,маған ұнады😍🥰👍

Аноним 01.12.2023 | 21:42

👍👍👍

Аноним 01.12.2023 | 21:43

Қаламың ұштала берсін 🫶🏻

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір