«Таңжарық» тарихи романы оқырманға жол тартты
13 қарашада Жазушылар одағының баспасөз орталығында ақын, жазушы, журналист, сыншы Құрманәлі Жүнісханұлының «Таңжарық» атты екі томдық тарихи романының тұсауы кесілді.
Іс-шараға Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма Төрағасының орынбасары Ғалым Қалибекұлы, Шетелдегі қазақ әдебиеті кеңесінің төрағасы Әрмиябек Сағындықұлы, сондай-ақ Сламхат Сейтқамзаұлы, Мұқан Мамытқанұлы, Серәлі
Таласбай, Болат Құрманғажы, Төлеубек Уәлбай, Алмасбек Құрман, тағы басқа да қаламгерлер қатысты.
Ғ.Қалибекұлы «Таңжарық» тарихи романының авторы Қ.Жүнісханұлына құтты болсын айтып, жиналысқа қатысқандарды Жазушылар одағы атқарып жатқан келелі жұмыстарымен таныстырып өтті.
Таңжарық Жолдыұлы – көрнекті ақын, ағартушы, жыршы, жырау. Ол туралы Қытайда 8 томдық ғылыми зерттеу еңбектері жарық көрген. Бүгінгі таңда 200-ден астам таңжарықтанушы бар екен. Қ.Жүнісханұлы да бұған дейін көрнекті ақын туралы зерттеу кітабын баспадан шығарған болатын.