ТАХАУИ АХТАНОВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӘЛЕМІ
13.11.2023
139
0

9 қараша күні Алматыдағы «Достық үйінде» ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Алматы қалалық әкімдігінің, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының, Қазақстан Жазушылар одағының һәм Орталық ғылыми кітапхананың біріге ұйымдастыруымен Республикалық Мемлекет­тік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның Халық жазушысы Тахауи Ахтановтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Тахауи Ахтановтың шығармашылық әлемі» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өт­ті.

Конференцияны М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Кенжехан Матыжанов сөз сөйлеп ашты. Жиын барысында Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құт­тықтауын президент­тің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің және «Тұран» университетінің құт­тықтауларын университет­тің ректоры Рахман Алшанов, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың құт­тықтауын әкімнің орынбасары Арман Қырықбаев, Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың жеделхатын Ақтөбе облысы әкімдігіне қарасты мәдениет және архив бөлімінің бастығы Алтынай Юнусова жеткізді. Мерейтой иесін Абай атындағы білім қарашаңырағының ректоры Болат Тілеп, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы Төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов сөз сөйлеп, құт­тықтады.
Қазақстанның Мемлекет­тік сыйлығының иегері, Еңбек Ері, жазушы Дулат Исабеков баяндама жасап, Қазақстанның Халық жазушысы Смағұл Елубаев, ғалым, профессорлар Нұрдәулет Ақыш, Жанғара Дәдебаев, Құлбек Ергөбек, Қансейіт Әбдезұлы, Сәмен Құлбарақ, Гүлжахан Орда және Қазақ­станның Халық артисі Ерсайын Төлеу­бай Т.Ахтановтың шығармашылығы, шығармаларындағы шыншылдық, жазу шеберлігі туралы ойларын ортаға салды. Қаламгердің туысқандары атынан Т.Ахтановтың күйеу баласы Ғадылбек Мусин естелік айтып, жиналғандарға алғысын білдірді.
Конференция алдында үлкен залда мерейтой иесінің кітап көрмесі ұйымдастырылды. Жиын барысында қаламгердің жаңа жарық көрген «Боран» романының тұсауы кесілді. Конференцияны Кенжехан Матыжанов қорыт­ты.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір