«Жазылушылар күні» – қазақ баспасөзінің бейресми мерекесі
23.10.2023
1995
0

Биыл Қазақстанның Ұлттық пошта операторы – «Қазпошта» акционерлік қоғамы қызметінің іске қосылғанына 30 жыл толып отыр. «Қазпошта» АҚ-ның Алматы қаласындағы филиалы қазан айының 16-сы күні атаулы күнге орай, «Жазылушылар күнін» атап өтті.
Жазылушыларға арналған жиын Алматыдағы қазақ баспасөзінің мерекесі болды деп айтсақ қателеспеспіз. Өйткені аталмыш мекеме бұл күні баспасөздерге жарнамалық материалдарды орналастыруға мүмкіндік беріп қана қоймай, оқырмандардың жеңілдікпен жазылуына жол ашты.
Жиын басында филиал директоры Алтын Бақтыбекқызы жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін «Жазылушылар күні» шарасының мән-маңызына тоқталып, мерзімді басылымдарға жазылуға үндеді.
Аталмыш шарада «Қазақ әдебиеті» газетінің жүзден астам данасы таратылды. Ынталы оқырмандардың газеттің әр нөмірін тәптіштеп сұрап, ынтыға алып жатқанын көріп сүйсіндік, оқырманмен бірге мәре-сәре болдық. Жеңілдікпен жазылу үшін кезекке тұрған жандардың да қатары аз емес. Осынау жайт «Қазақ әдебиетінің» халықтың рухани шөлін басып, өзіндік соқпағымен дұрыс бағытта жұмыс атқарып отырғанының белгісі болса керек.
Өздеріңізге аян, «Қазақ әдебиеті» газеті – Қазақ­стандағы ұлт әдебиетін негіз еткен баламасы жоқ жалғыз басылым. Тасырлаған дүрмек пен сатырлаған жиындар, саясаттың бітпейтін де, өнбейтін талқысы емес, ұлт руханиятына тікелей қатысты, оқырманның ой-өрісін кеңейтетін, жан сарайын ашатын мақалалар мен сұхбаттар, талқыларға ғана орын бар бұл басылымда.
Ендеше, Ұлт газетін сіз де насихаттаңыз. Бұл – қазаққа жаны ашитын жанның ұлт руханияты үшін атқара алар кішігірім болса да, үлкен әрекеті.
Егер «Қазпошта» бөлімшелеріне барып жазылуға уақытыңыз болмай жатса, газетімізге Kaspi Gold арқылы (8 707-821-93-97 Атиркул Б.) жазылуларыңызға да болады. Kaspi Gold арқылы жазылар болсаңыздар ақша аударар кез­де «Сообщение получателю» деген жолаққа кімге (толық аты-жөніңіз), қайда (облыс, аудан/қала, ауыл, көше, үй нөмірі, индекс) жіберетінін жазуды ұмытпаңыз. Немесе осы нөмірге қоңырау шалып, ескерте салыңыз.
Сенеріміз де, сүйенеріміз де өздеріңіз, қадірлі оқырман! «Қазақ әдебие­ті» оқырманымен мың жасамақ!

Газет­тің индексі: жеке жазылушылар үшін – 65353; мекемелер мен ұйымдар үшін – 15353

«Казпошта» АҚ бойынша
Жеке жазылушыларға:
Қалаларда:
3 айға – 1554 т. 45 т.
6 айға – 3108 т. 90 т.
12 айға – 6217 т. 80 т.

Аудандар мен ауылдарда:
3 айға – 1610 т. 31 т.
6 айға – 3220 т. 62 т.
12 айға – 6441 т. 24 т.

Кәсіпорындар мен ұйымдарға:
Қалаларда:
3 айға – 3294 т. 45 т.
6 айға – 6588 т. 90 т.
12 айға – 13177 т. 80 т.
Аудандар мен ауылдарда:
3 айға – 3350 т. 31 т.
6 айға – 6700 т. 62 т.
12 айға – 13401 т. 24 т.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір