Қазақ ақыны «Түрік бірлігі» әдеби сыйлығының лауреаты атанды
09.10.2023
223
0

Өткен аптада Әзербайжан астанасы Бакуден жеткен сүйінші хабар – белгілі ақын, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ғалым Жайлыбай Түркия Республикасы Ататүрік атындағы Мәдениет, Тіл және Тарих Жоғарғы Мекемесі мен Түрік Тіл қауымдастығы Түркі әлеміне ортақ мәдени құндылықтарды насихаттау мақсатында ұйымдастырған «Тіл мейрамы» бағдарламасы аясында «Түрік бірлігі» әдеби сыйлығының лауреаты атанды.

Мәртебелі сыйлықты Түрік тілі қауымдастығының Президенті Осман Мерт табыстады. Тұңғыш рет ұйымдастырылған Халықаралық байқаудың үздіктері қатарында Әзербайжан ақыны Сабир Рюстемханли, Қырғыз елінің шайыры Аида Егембердиева, Өзбекстаннан Улугбек Хамдамов және Солтүстік Кипр Түрік Республикасынан Октай Оксюзоглу бар. Тұтас Түркі әлемінен ат оздырған бес ақынның қатарында қазақ ақынының болуы – тұтас қазақ жұртының мерейі.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір