Кеңестік жүйенің  ұңғыл-шұңғылын ашып көрсеткен – «Күлпет»
21.09.2023
211
0

Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада жазушы, публицист Шархан Қазығұлдың «Күлпет» романының тұсаукесер рәсімі өтті.

Іс-шараны жүргізіп отырған Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, белгілі журналист Сауытбек Абдрахманов: «Роман әлеуметтік-философиялық шығармаға келіңкірейді. Ең бастысы, туынды қазақтың рухын көтереді», – дей келе Шархан Қазығұлдың романын отандық көркем шығармадағы жаңашылдық ретінде жоғары бағалады.
«Қоғамның назарын бірден аударған жаңа  роман елді елең еткізгені рас. Авторды ортаға алып, романды жіліктеп талдаған жазушылардың  ойлары қызықты болды. Осындай талқылаулар мен талдау кәсібилікті шыңдай түсері анық. Өрелі ой, қызықты пайым, әдеби сын да қалыс қалмады. «Күлпет» романы жылдам оқылады, тілі жеңіл, оқиғасы ширақ. Кеңестік жүйенің ұңғыл-шұңғылын білмейтін жаңа буынға бұл шығармадағы шырғалаң тағдыр қызықты боларына  дауымыз жоқ», – деген жазушы-драматург Роза Мұқанова баршаны кітап оқуға шақырды.
Қоғам қайраткері, қаламгер Мәди Айымбетов, филология ғылымдарының докторы, академик Шерубай Құрман­байұлы, Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп, Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи, әдебиет сыншысы Амангелді Кеңшілікұлы, тағы басқа зиялы қауым өкілдері автор жайындағы, «Күлпет» романы хақындағы ойларын ортаға салып, шығарманың өзектілігі туралы сөз қозғады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір