Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Нұрғиса Тілендиев атындағы Республикалық дирижерлер конкурсы өтеді
08.09.2023
234
0

 Баспасөз баяны

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен  Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында  2023 жылғы 20-22 қыркүйек айы аралығында Нұрғиса Тілендиев атындағы Республикалық дирижерлер конкурсы өтеді.

Осыған орай, қыркүйек  айының 19-ші  күні, саған 12.00-де филармонияның Үлкен залының фойесінде Нұрғиса Тілендиев атындағы Республикалық дирижерлер конкурсының баспасөз-конференциясы  өтетінін хабарлаймыз.

Спикерлер:

Абдуалиев Ақан Жылқышыбайұлы — Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;

Тілендиева Динара Нургисақызы— Н.Тілендиев атындағы Академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің бас дирижері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, қазылар алқасының төрайымы;

Жайымов Айтқали Тілепқалиұлы- Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан композиторлар және Қазақстан музыка қайраткерлері Одақтарының мүшесі, ҚР білім беру ісінің «Құрметті қызметкері», «Парасат» орденінің иегері, профессор. Астана қаласы Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы Қазақ оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері, қазылар алқасының мүшесі;

Грибанов Пётр Алексеевич- «Қ. Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Е. Рахмадиев атындағы симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қазылар алқасының мүшесі;

Алпысбаев Әли Демегенұлы- Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының және І.Жансүгіров атындағы мемлекеттік университетінің профессоры, Алматы облысының «Құрметті азаматы», «Құрмет» орденінің иегері, Жетісу облысы Сүйінбай атындағы филармонияның М.Төлебаев атындағы халық аспаптар оркестрінің дирижері әрі көркемдік жетекшісі,қазылар алқасының мүшесі;

Бегендіков Жалғасбек Әмірханұлы- Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Н. Тілендиев атындағы мемлекеттік академиялық фольклорлық – этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің дирижері. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, Мәдениет саласының үздігі, қазылар алқасының мүшесі.

Конкурстың Ашылу салтанаты филармонияның Үлкен залында 20-қыркүйек күні сағат 10.00-де басталады.

2023 жылдың 22-ші қыркүйек күні сағат 19.00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының үлкен залында конкурс жеңімпаздарының қатысуымен Гала-концерттің өтуі жоспарланып отыр.

Қазақ музыка өнеріндегі дара тұлға, композитор, қайталанбас дарын иесінің шығармашылығын дәріптеп, есімін ардақтап, мәңгі есте сақтау мақсатында 2004 жылы Нұрғиса Тілендиев атындағы республикалық дирижерлер конкурсы бастау алды. Бүгінде еліміздің мәдени өміріндегі елеулі шара талантты дирижерлердің басын қосып, жас дарындардың бір-бірінің өнерімен жақынырақ танысуына, тәжірибе алмасуына зор мүмкіндік сыйлап отыр.

     Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі тарапынан композитордың шығармашылығын ұлықтауға бастама жасалған соң, конкурс 2 жылда 1 рет өткізіліп отырды. Әртүрлі себептермен үзіліп қалған аталмыш конкурс биыл қайтадан өз жалғасын тапты.

     Конкурстың басты мақсаты – қазақ дирижерлік өнерін дамыта отырып, дарынды жастардың кәсіби шеберлігін ұштау, аталған салада жаңа есімдерді анықтау және Қазақстанның мәдени имиджін арттыру болып табылады.

    2025 жылы Н.Тілендиевтің Жүз жылдығы халықаралық және республикалық деЙгейде кеңінен аталып өтеді деп күтілуде. 2023 жылғы бұл жас дирижерлер конкурсы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен осы айтулы іс-шараның қарсаңында өтеді. Конкурстың ашылу мен жабылу салтанатына Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, БАҚ, зиялы қауым, айтулы мәдениет өнер қайраткерлері қатысады. 

    Конкурсқа Қазақстан Республикасының Мәдениет және өнер саласындағы 18 бен 35 жасқа дейінгі дирижерлері және жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Аталмыш байқауға 25 қатысушыдан өтінім келіп түсті, белгілі себептермен конкурсқа 20 үміткер жолдама алды-Астанадан (4), Алматы (8), Шымкент (2), Петропавл (1), Павлодар (1), Орал (1), Қарағанды (1)  және  Талдықорған (2). Қатысушылар Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының Нұрғиса Тілендиев атындағы Академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы»  оркестрінің сүйемелдеуімен музыкалық шығармаларды орындайды.  Конкурс 2 кезеннен тұрады. Шараға облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, конкурстардың жеңімпаздары болып табылатын Қазақстан Республикасының дәстүрлі әншілері қатыса алады.

Конкурстың нәтижесін 22-ші  қыркүйек күні  қазылар алқасы қорытындылайды.

Конкурс номинациялары бойынша — Гран-при, І орын, ІІ орын, ІІІ орын, диплом және «Нұрғиса Тілендиевтің шығармаларын үздік орындағаны үшін» дипломы белгіленді.

Байланыс: +7 7017518985 Мәриям Алиасқарқызы

E-mail: philarmon@mail.ru

Сайт: https://jambyl-philharmonic.kz/

Инстаграм: kazakh.philharmonic

Фейсбук/YouTube: Казахская государственная филармония  им.Жамбыла

Телеграм: Филармония  им.Жамбыла

Конкурстың қағидалары Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының jambyl-philharmonic.kz интернет-ресурсында орналастырылды.                                     

Ұйымдастыру комитетінің байланыс деректері, тел.: 8 727 291 7149, +7 707 932 16 98, электрондық пошта kazakh.philharmonic@mail.ru

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір