«Өлең – сөздің патшасы…»
14.08.2023
162
0

Кеше ҚР Ұлттық кітапханасының кіреберіс алаңында ұлы Абайдың туған күніне арналған «Өлең – сөздің патшасы…» атты дәстүрлі мерекелік іс-шара өтті.

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының әдеби мұрасын сақтау және насихаттау, өскелең ұрпақтың бойында отаншылдық сезімін қалыптастыру, дарынды жастарды айқындау және қолдау, олардың көркемдік талғамын, дүниетанымын кеңейту және халықтың рухани дамуына жәрдемдесу мақсатында өткен шараға жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма төрағасы Мереке Құлкенов, фольклортанушы, филология ғылымының докторы, Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Кенжехан Матыжанов, филология ғылымының докторы, профессор, академик Жанғара Дәдебай, сыншы, ғалым, филология ғылымының докторы, профессоры Дандай Ысқақұлы, т.б. зиялы қауым өкілдері қатысып, құттықтау сөз сөйледі.


М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының актері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Болат Әбділманов пен Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрының актері Ернат Күншібаев монолог оқып, жас ақындар Абайға арналған өлеңдерін тарту етті. Өнерпаздар Абай әндерін шырқап, ақынның өлеңдерін негіз еткен қойылымдар қойды.
Шара барысында ҚР Ұлттық кітапханасы үздік оқырмандарына ынталандыру сыйлықтарын табыс етті.
Мерекелік іс-шара қонақтардың ҚР Ұлттық кітапханасының «Абай» әдеби орталығының жұмысымен және Қазақстан кітаптары оқу залындағы кітап көрмесімен танысуымен қорытындыланды. 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір