«ӘН ПАТШАСЫ – ШӘМШІ » республикалық драма байқауы
30.04.2024
411
0

 

Түркістан музыкалық-драма театры Қазақстан Жазушылар одағымен бірлесе отырып көрнекті композитор Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығына арналған республикалық драматургия байқауын жариялайды.

Байқаудың мақсаты мен міндеті: көрнекті композитор, халық сүйіктісі, «ән патшасы» атанған Шәмші Қалдаяқовтың тұлғалық феноменін адами-шығармашылық болмысы арқылы ашу; пьесаның анық драматургиялық құрылымы болуы шарт
Байқауды өткізу мерзімі:
— пьесалар 2024-жылдың 30-мамырына дейін қабылданады
— байқау нәтижесі 2024-жылдың 13 маусымында жарияланады.
Байқауды өткізу тәртібі:
— байқауға кәсіби драматургтер қатыса алады.
— қазіргі театр талабына сай жазылған, еш жерде қойылмаған, жарияланбаған, өзге байқауларға қатыспаған жаңа пьесалар (автор туралы мәліметтермен қоса) жолдануы шарт.
— байқауға ұсынылатын пьесалар компьютерлік 40 беттен аспауы тиіс (шрифт Times New Roman-12). Пьесалар мәтіні turkistannewtheatre1@gmail.com электронды поштасына жолдануы шарт.
— Байқауға түскен пьесаларды кәсіби сарапшылар кеңесі сараптайды.
— жеңімпаз пьеса Түркістан музыкалық-драма театрында 2024 жылы сахналанады және 1 000 000 тг көлемінде қаламақы беріледі.

Анықтама телефоны – 8 (72533) 5-29-23

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір