АЛМАСБЕК АҚЫН 80 ЖАСТА
04.08.2023
180
0

Жуырда Алматы қаласында ұйғырдың көрнекті ақыны, әдебиеттанушы-ғалым, көсемсөз шебері Муһәммәтимин Обулқасымов (Алмасбек) 80 жылдық мерейтойын атап өтті.
Қазақстан Жазу­шы­лар одағы Басқарма Төрағасының орын­басары, жазушы Ға­лым Қалибекұлы Одақ Төра­ғасы Мереке Құл­кеновтің құттықтау-сәлемін жеткізе келіп: «Таяуда ұйғыр қаламгерлерінің «Шынар» атты әдеби журналының  алғашқы саны шығып, жүз жылдық тарихы бар «Жұлдыз», «Простор» журналдарының қатарына қосылады, жыл соңына дейін ұйғыр әдебиетінің екі томдық антологиясы жарық көреді», – деген сүйінші хабармен ұйғыр жазушыларын бір қуантты. Дәстүр бойын­ша Алмасбек ақынның иығына шапан жапты. «Сіз – қазақ-ұйғыр әдебиетінің, достығының алтын көпірісіз. Екі тілде жазып, бауырлас екі халықтың әдебиетіне қызмет етіп келесіз. 80-ге келген сізге «жазар көбейсін» дегеннен гөрі «жасар жасыңыз көп болсын!» демекпін», – деді Ғалым Қалибекұлы құттықтау тілегін жалғастырып.
«Алмасбек» қаламатымен танылған Муһәммәтимин Обулқасымовтың 20-дан астам поэзиялық, прозалық және ғылыми-публицистикалық кітаптары бар. Мерейтойға ұйғыр ұлтының танымал ақын-жазушылары мен қайраткер перзенттері қатысып, той иесіне арнаған өлеңдерін оқып, ақжарма тілектерін білдірді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір