«АҚЫН АҚИҚАТЫ»
02.09.2025
235
0

Ақын Бақыт Турлиннің жаңа поэзиялық жинағы жарық көрді. Бұл кітап – ақынның өмірлік тәжірибесін, адамзатқа айтқысы келген жан сыры мен азаматтық үнін айқын көрсететін еңбек.

Шығармалар жинағы төрт бөлімнен тұрады. Әр бөлімде оқырманға ой саларлық философиялық толғамдар, қоғам жайлы толғаныстар, махаббат пен мейірімділік жайлы сырлы жырлар топтастырылған.
Елдің болашағы мен тәуелсіздік тағдырын, ұлт намысын арқау еткен жырлар рухтылыққа үндеп, қайсар мінез бен жігерді паш етеді.
Б.Турлиннің өлеңдерінде философиялық толғаныс пен өмірлік тәжірибенің сарыны басым. Ақын бірде қоғамдағы көлеңкелі құбылыстарды әшкерелесе, бірде тағдырға мойымай, үмітке сүйенген адам бейнесін суреттейді. Сонымен қатар тарих, дін, өркениет мәселелері де қаламгер назарынан тыс қалмаған.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір