«ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ – БІРЛЕСТІК ҚАНА ЕМЕС, ҮЛКЕН ОТБАСЫ»
04.08.2023
149
0

1 тамыз күні Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма хатшыларының жиналысы өтті.

Онда әдебиет турасындағы ойлар ортаға салынып, сырқаттанып жүрген ақын-жазушыларға көмек көрсету туралы мәселе қарастырылды.Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының Төрағасы Мереке Құлкенов: «Жазушылар одағы тек қоғамдық бірлестік қана емес, біз – үлкен отбасы екендігімізді ұмытпауымыз керек. Осыны ескере отырып, қазіргі таңда ауыр сырқаттанып жатқан ақын-жазушыларымызға көмек көрсету туралы шешім қабылдадық», – дей келе, бұл бастаманың одақ жанынан құрылған «Қазақ әдебиетінің меценаты» қоғамдық қоры арқылы жүзеге асатынын жеткізді.
50 мың теңге көлеміндегі ай сайын­ғы материалдық көмек осы жылдың соңына дейін Несіпбек Айтов, Заря Жұманова, Жүрсін Ерман, Айсұлу Қадырбаева, Сара Латиева, Тұрлыбек Мәмесейіт, Нина Скалковская, т.б. қаламгерлерге берілетін болады.
Мереке Құлкенов жиын соңында шығармашылық иелеріне мүмкіндігінше әлеуметтік қолдау білдіріп, шығармашылықпен айналысуға жағдай жасау одақтың негізгі міндеттерінің бірі екенін айтып, мұндай шаралардың жалғасатынын тілге тиек етті.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір