ЖАҚСЫЛЫҚТЫ ЖАЛАУ ЕТКЕН ҒАЗИЗ ЖАН
12.02.2016
1915
0

УзакбайАқтөбедегі С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында мемлекет қайраткері, халқының бостандығы мен азаттығы  жолында жан сала күрескен, сол жолда құрбан болған Ақтөбе жерінің перзенті Ұзақбай Құлым­бетовтің туғанына  125 жыл  толуына арнап,   «Жақсылықты жалау еткен ғазиз жан» атты тарихи танымдық кеш өтті.

Шараға Ақтөбенің тарихын, мемлекет қайраткерлерінің өмірі мен қызметін зерттеп жүрген, халқына «дала акаде­ми­гі» атанған және Әбілқайыр хан ме­мо­риалдық музейінің меңгерушісі, тарихшы өлкетанушы Мырзабай Бе­­к­а­рыстан  Ұзақбай Құлымбетовтың туысы,зейнеткер Нұрғалиев Киікбай, №34 мектептің тарих тілі пәні оқыту­шы­сы Сағынғалиева Бақытгүл, С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспі­рім­дер кітапханасының директоры Төлебай Марат қатысты.

Ұзақбай Құлымбетов қуғын-сүргін жыл­дары өте ауқымды дүниелер жаса­ған. Бірақ оның еңбегі туралы көпшілік аз біледі. Сондықтан шара барысында қонақтар өздерінің зерттеулері мен тың деректерін ортаға салып, сол қасіретті жылдардан естеліктер айтты.

Отызыншы жылдардағы ашар­шы­лық республикамыздың басқа қоғам қай­раткерлері сияқты Ұ.Құлымбетовке де үлкен сын болды. Күрделі тарихи ке­зеңде өмірге келіп, қатардағы ауыл мұ­ғалі­мінен қазақ мемлекетінің басшысы дәрежесіне дейін көтерілген қайраткер жөнінде  «Әбілқайыр хан»  мемориалдық музейінің меңгерушісі, тарихшы-өлкетанушы Бекарыстан Мырзабеков мағыналы әңгіме өрбітті.

«Ұлтын ұлықтаған тұлға»  атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, Алаш зия­лы­ла­рының  өнегеге толы өмірі мен  та­рихты сақтауға,  қазақ халқының өнері мен мәдениетін дамытуға қосқан үлестері жайлы дерекқорлары, т.б. мәлі­меттер ұсынылды. Мақай Жүнiсов ақса­қалдың төмендегi естелiгінде «Бiр топ бала темiржол  бойын торуылдап, қай­дан тамақ табамыз деп жүгiрiп жүрге­нi­мiзде жанымызға бiр көлiк кеп тоқтады. Милиция шығар деп қаша жөнелмек едiм, дөңгелек жүздi бiр кiсi қасыма кеп, басымнан сипады: «Қорықпаңдар, балалар. Сендердi жақсы жерге орналас­тырам», – деп көлiгiне топ баланы тиеп алды да, бiр үйге әкелдi. Шамасы, ол жер­де орын болмады ма деймiн, үйiне келдiк. Әйеш дейтiн әйелi бар екен. Ол кiсi бiздi жуындырды, киiмiмiздi ауыс­тырып, он шақты бала үйiнде 6-7 күн жат­тық. Ұзақбай аға жұмыстан келген сайын күнде кешкiлiк «ертең орналас­ты­рам, ендi жағдайларың дұрыс­та­лады», – деп қайталайды. Ұзақбай ағаның арқасында Қызылжардағы балалар үйiнде тәрбиеленiп, қызметке араластым. 1936 жылы Ақтөбе облысынан КСРО Жоғарғы Кеңесiне депутат болып сайланып, 1937 жылы «халық жауы» ретiнде 10 жылға сотталып, Сi­бiр­ге айдалдым. Адам төзбес азапты ба­сым­нан өткерiп, 1955 жылы ақталып, елге оралдым», – делінген.

Сондай-ақ, жиналған жұртшылық  «Алаш орда» деректі фильмін тамашалады. Кітапхана қызметкерлері Есалинова Айнель, Хамидуллина Бақтыгүл М.Жұмабаевтың «Мен жастарға сене­мін», М.Дулатовтың «Оян қазақ», С.То­рай­ғыровтың «Алаш туы астында» атты өлеңдерін оқыды. «Алаш орда» тобы орындаған «Алаш» әнінің бейнебаянын тамашалады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір