Жазушы «Құрметті профессор» атанды
03.07.2023
302
0

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті ғылыми кеңесінің шешімімен ҚР Мәдениет қайраткері, жазушы Бегімбай Ұзақбаевқа университеттің «Құрметті профессоры» атағы берілді.

Ғылыми кеңесте басқарма төрағасы – ректор Бейбіткүл Кәрімова жазушының ел дамуына сүбелі үлес қосып, ұлт руханиятына өлшеусіз еңбек сіңіріп келе жатқанын ерекше атап өтті.
Бегімбай Ұзақбаев – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Жалаңтөс баһадүр атындағы республикалық қор төрағасының орынбасары, Арал және Қазалы аудандарының Құрметті азаматы. Қаламгер бірнеше рет Мемлекет басшысының Алғыс хатымен, облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, «Еңбектегі ерлігі үшін», «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған.
Оның қаламынан «Қарабура», «Сопы Әзиз пір», «Марал баба», «Сартай батыр», «Байқазақ», «Алдаспандар рухы» атты тарихи романдар туған. «Тағдыр», «Сырлы сезім», «Бұтақтан өрген бәйтерек», «Шырағың сөнбесін», «Сырымды саған айтам», «Қилы заман-ай», «Шығар күннің шуағы» атты повестері мен жинақтары жарық көрген.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір