МҰҚАҒАЛИ АТЫНДАҒЫ МАРАПАТ
Жуырда Қазақстан Жазушылар одағында қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған «Жырлайды жүрек» атты дәстүрлі поэзия кеші өтті.
Кешті Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Жайлыбай ашып, бірқатар ақындар арнау өлеңдерін оқыды. Жиын барысында ақынның туғанына 85 жыл толуына орай Мұқағали Мақатаев атындағы Халықаралық қоғамдық қоры ақын атына арнайы жасалған төсбелгіні №1 куәлігімен Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын-драматург Иран-Ғайыпқа тапсырды. Одан кейінгілері ақын Р.Ниязбеков, жазушы-публицист Б.Ғабдуллин, Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық Балалар мен жасөспірімдер театрының режиссері М.Ахмановқа берілді. Роза Әлқожа бастаған эстрада жұлдыздары ақынның сөзіне жазылған әндерді орындап, кештің көркін аша түсті.