«ТӨЛЕГЕН АЙБЕРГЕНОВ» АТЫНДАҒЫ ТӨСБЕЛГІ ТАБЫСТАЛДЫ
05.06.2023
142
0


1 маусым күні «Қазақстан Мәдениеті» Қоғамдық қорының бас директоры Мәди Әдиұлына «Төлеген Айбергенов» атындағы төсбелгі мен куәлік берілді.

Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының Төрағасы Мереке Құлкеновтің іссапарға кетуіне байланысты аталған марапатты Қазақстан Жазушылар одағы басқарма Төрағасының орынбасары Ғалым Қалибекұлы табыстады. Сәбит Тоқымбетов басшылық ететін «Байтақ мекенім» қоғамдық қоры бұл төсбелгіні қазақтың көрнекті ақыны Төлеген Айбергеновтің туғанына 85 жыл толуына орай бір ғана дана етіп шығарған екен. «Байтақ мекенім» қоғамдық қоры әкеміздің 80 жылдығының қарсаңында 80 медаль шығарып, спорттық сайыстар ұйымдастыра отырып, бәрін жүлдегерлерге табыстаған болатын. Қор үйлестірушісі Қоңыратбай Испанов арнайы алып келген бүгінгі марапатқа Мәди ағаны лайық көрген себебіміз, 2001 жылы Астана қаласындағы №16 мектептің әкеміздің есімімен аталуына бар күшін салған осы кісі еді. Әрі алғашында орыс мектебі болған білім ошағына Төлеген Айбергенов есімі берілген тұста қадам аттаған қазақ сыныбының оқушылары дәл бүгін он бірінші сыныпты тәмамдап, үлкен өмірге қанат қаққалы тұр», – дейді ақынның қызы Айнар Айбергенова. Төсбелгіні табыстау шарасы қара өлеңнің қарашаңырағы Қазақстан Жазушылар одағында өтті.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір