ҚАЛАМ ИЕЛЕРІ ТАСҚАЯҚ ҚАҒЫСТЫРДЫ
29.05.2023
177
0

20 мамыр күні «Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қорының» қолдау­ымен белгілі ақын, жазушы, Халық­аралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты
Ғалым Қалибекұлының 60 жасқа толу мерейтойының құрметіне бильярдтан қаламгерлердің Республикалық турнирі өтті.

Турнирге 50-ге жуық ақын-жа­зу­шы, баспагерлер қатысып, бірінші орынды астаналық ақын Тұрмағамбет Кенжебаев, екінші орынды Ардақ Ерсейітов, үшінші орынды Серік Жанболат иеленді. Жүлде қоры да қомақты болды. Осыған дейін тек қана өмірден өткен тұлғаларды еске алу турнирі жалғасып келген еді, бұл жолғы тасқаяқ додасы қаламгерлерге үлкен ой салып, Ғ.Қалибекұлының мерейтойлық бастамасын өзге де ақын-жазушылар дәстүрлі түрде жалғастыруға болатынын тілге тиек етті.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір