ЖАС ҚАЛАМ – ЖАҢА РОМАН
30.04.2024
378
0

Қазақстан Жазушылар одағы мен BELES құрылыс компаниясы (президенті меценат Махат Төреәлі), ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы Мақсат Толықбай роман жазуға ниетті жастар арасында конкурс жариялаған болатын.

Болашақ үш романның авторына көрнекті жазушылар – Жүсіпбек Қорғасбек, Нұржан Қуантайұлы, Дәурен Қуат жетекшілік етті. «Үш жазушымыз да – кейінгі жастардың шығармашылық әлеуетін бақылап, бағамдап жүретін, бүгінгі әдебиеттен жіті хабардар қаламгерлер. Таңдауды проза шеберлерінің өздеріне бердік», – дейді ұйымдастырушылар.
Жүсіпбек Қорғасбек «Жұмбақ кітап», «Ағаш адам» кітаптарының авторы, жастар арасында жаңашылдығымен танылған Мақсат Мәліктің болашақ романының концепциясын қолай көріп, таңдап алды. Романның жазылу барысын қадағалап, кем-кетігін айтып, пікірлесіп отырды. Толыққанды роман болды дегенінде қабылдап алып, рецензия жазды.
Дәл осындай тәртіпппен, өз таңдау­лары бойынша Нұржан Қуантайұлы жазушы-драмутрг, «Темір жол вокзалы», «Құлдар патшалығы» кітаптарының авторы Әлібек Байболға, Дәурен Қуат «Текес теріс ағады», «Көршінің қызы», «Қарағайлы күмбез», «Жылан кегі» кітаптарының авторы, жазушы Қанат Әбілқайырға тәлімгер болады.
Үш романның авторына үш ай бойы 500 000 (бес жүз мың) теңгеден төленіп отырды және дәл осындай көлемдегі қомақты қаржы үздік деп танылған роман авторына қосымша беріледі. «Жас қалам – жаңа роман» атты осы жобаның аясында жарық көрген Мақсат Мәліктің «Абыл мен Қабыл», Қанат Әбілқайырдың «Ағыраптағы аты жоқ адам», Әлібек Байболдың «Мұтылған» романдарының таныстырылымы 12 сәуірі күні сағат 15:00-де Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында өтеді. Барша ақын-жазушылар мен оқырманға есік ашық.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір