«АРМАН МЕН ШАБЫТ ӘЛЕМІ»
22.05.2023
185
0

11 мамыр күні Алматы облысы Жамбыл аудандық мәдениет үйінде Қарғалы ауылындағы балалар және жасөспірімдер шығармашылық орталығының «Арман мен шабыт әлемі» атты жылдық есеп беру концерті өтті. 

Шығармашылық орталықтың директоры Жангүл Оразалиева концерт­тің басты мақсаты талантты оқушылардың өнерін баршаға паш ету екенін жеткізді. Дарынды балалар тағылымы тарихымыздан, өнегесі мол өткенімізге сыр шертетін қазақтың күйлерін күмбірлетіп, әнін әуелетті. Талантты өнерпаз оқушылар әуезді ән шырқап, мың бұрала би билеп, қобыздың сиқырлы әуенімен, күмбірлеген күй үнімен жиналған қауымды сусындатты. Кешке Алматы облысының білім басқармасының дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындық және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығының көркем-эстетикалық шығармашылықты дамыту бөлімінің әдіскері Назым Жақиянова және осы бөлімнің аға әдіскері Ердәулет Құрманәліұлы қатысып, оқушыларға ыстық лебіздерін білдіріп, шығармашылық табыс тіледі. Сонымен қатар Жамбыл ауданы білім бөлімінің басшысы Светлана Алтынбекова талантты жас өнерпаздардың өнеріне үлкен ризашылығын білдірді.

Кәусар
ЛЕСКЕНҚЫЗЫ

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір