«Алматы – Арман қаласы»
21.12.2024
125
0


12 желтоқсанда «Бізбен бірге» қоғамдық қоры Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Алматы – Арман қаласы» тақырыбында Республикалық мүшәйраның жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Алматы қаласының сұлулығы мен ерекшелігін, әлем жұрты мен қазақ халқы үшін айрықша орнын көрсететін жалынды жырлар арқылы шаһарға деген сүйіспеншілікті арттыру және жас қаламгерлер шығармашылығын қолдау мақсатында ұйымдастырылған жыр додасына еліміздің барлық өңірінен 14–35 жас аралығындағы жүзге тарта ақын қатысып, бақ сынады. Нәтижесінде 1-орынды Мөлдір Айтбай иеленсе, 2-орынды Мақсат Дауылбай мен Сабыржан Ахан қанжығасына байлады. Ал үшінші орынды Жұлдыз Сүлейменова мен Еламан Қабділәшім, Еламан Оспанов еншіледі. Сондай-ақ Шұғыла Ермахан, Мыңжасар Атшыбаев, Дінмұхамбет Атай, Нұрсерік Тәуекелов арнайы жүлделермен марапатталды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір