СЫЙЛЫҚ ИЕСІН ТАПТЫ
22.05.2023
381
0

Қашанда ел мен елді, ұлт пен ұлтты табыстырудың, бір-біріне бауырмалдықпен жақындастырудың басты дәнекері әдебиет екені даусыз. Тілі бір, діні бір, ділі бір түркітектес ұлттар бірлігінің бір айғағын кеше Түркі дүниесі жазушылар одағының бұрынғы төрағасы, есімі ел аумағынан тысқары елдерге де кеңінен мәлім ақын Ұлықбек Есдәулет пен әзербайжанның белгілі ақыны, әрі аудармашы Акиф Ахмедгилмен кездесу кезінде анық көргендей болдық.

Акиф Ахмедгил – қазақ оқырмандарына қазақтың белгілі ақындарының өлең-жырларын әзербайжан тіліне шебер тәржімалаушы ретінде де кеңінен танымал тұлға. Ол Абайдан бастап Мағжан Жұмабаевтың, Олжас Сүлейменовтің, Мұхтар Шахановтың және Ұлықбек Есдәулеттің жыр жинақтарын әзербайжан тіліне тәржімалап, кітаптарының жарық көруіне де дәнекер болған.
Кездесу барысында Акиф Ахмедгил түркітілдес халықтар поэзиясынан өзінің едәуір хабардар екенін айта келе, соның ішінде қазақ ақындарының өлең-жырларына деген ықыласы ерекше екенін аңғартты.
Ол Олжас Сүлейменовтің өлеңдерінің орысшы нұсқасының біразын жатқа айтып бергеніне таңғалғанымыз бар.
Мысалы, ақынның атқа мінген қазақ жігіті туралы өлеңінің мына бір жолдарын қазақшасын араластыра отырып жатқа соқты.
Чап атына, чап игит,
Чапа, чапа, чап мана.
Севирсапса, әгәр игит
Опсанал
Құлағимда нал саси.
Осыдан екі жыл бұрын Акиф Ахмедгилге Қазақстан Жазушылар одағының Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы шекарадағы әлдебір қиын жағдайларға байланысты тапсырылмай қалған болатын. Соның сәті енді келіп, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ұлықбек Есдәулет әзербайжан ақынына аталған сыйлықты салтанатты түрде табыс етті. Түркітектестер бірлігі нығая берсін.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір