Жоба жалғасын тапты
19.08.2025
43
0

Былтыр Қазақстан Жазушылар одағы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті стратегиялық әріптестікті іске асыруға мемлекеттік тапсырыс бойынша жариялаған конкурстан «Жазушылардың әдеби шеберлік мектебі» курсы, «Жаңа Қазақстанның әдеби-танымдық панорамасы», «ТМД елдерінің архивтеріндегі қазақстандық жазушылардың зерттеу жұмыстары» атты 3 жобаны ұтып алып, сәтті орындап шыққан болатын.
Биыл да сол жобалар жалғасын таппақ. Нақтырақ айтсақ, биыл «Жазушылардың әдеби шеберлік мектебі» курсына жас қаламгерлерден жиырмадан астам, «Жаңа Қазақстанның әдеби-танымдық панорамасы» жобасына алпыстан астам, «ТМД елдерінің архивтеріндегі қазақстандық жазушылардың зерттеу жұмыстары» жобасына жиырмадан астам өтінім келіп түсті. Қазіргі таңда, іріктеу кезеңі аяқталып, жоба жеңімпаздары анықталды. Іріктеуден өткен қаламгерлер мен зерттеушілер өз жұмыстарын бастап кетті.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір