«Ұлы дала» сыйлығы өз иелерін тапты
23.12.2022
316
0

Жуырда «AMANAT» партиясы мұрындық болған «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауы қорытындыланды. Биыл әдеби конкурс ұлы ағартушы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына және жазушы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналды. Іс-шараны ашқан «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов алдағы уақытта бұл жобаның аясын кеңейтіп, аудандық, облыстық, содан кейін республикалық деңгейде өткізуді ұсынды.

26 тамыз бен 10 қараша аралығында байқауға жалпы 152 шығарма келіп түсті. Оның барлығы aikyn.kz сайтында арнайы ашылған «Ұлы дала байқауы» айдарында бүркеншік есіммен жарияланып отырды.
«Поэзия» номинациясы бойынша бірінші орынды ақын Жәнібек Әлиман, екінші орынды ақын Шапағат Әбдірұлы, үшінші орынды ақын Таңсәуле Әгенқызы иеленді. Ал «Проза» номинациясында бірінші орынға жазушы Әлихан Жақсылық, екінші орынға жазушы Әділ Әуезханов, үшінші орынға ұстаз қаламгер Айзат Рақышева лайықты деп танылды. «Балаларға арналған шығарма» номинациясы бойынша бірінші орынды Алпысбай Әбділұлы, екінші орынды ақын Құралай Омарова, үшінші орынды балалар жазушысы Айсұлу Әлмаш қанжығаласа, «Драматургия» номинациясында бірінші орынды драматург Ықылас Шалғын­бай, екінші орынды журналист Ақлима Сапарова, үшінші орынды ақын Тоқтарәлі Таңжарық жеңіп алды. Сондай-ақ биыл тұңғыш рет тағайындалған «Алаш аманаты» арнайы сыйлығын алаштанушы-зерттеуші, балалар жазушысы Елдос Тоқтарбай, «Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған» арнайы сыйлықты ақын-жазушы, киносценарист Ұларбек  Нұрғалымұлы иеленді. Ал «Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған» арнайы сыйлықты жазушы Абай Аймағамбетов жеңіп алды.
Партияның орталық аппаратында өткен іс-шарада Қостанай облысының Торғай ауылындағы «А.Байтұрсынұлы мен М.Дулатұлының әдеби музейінің» қызметкерлері көрме ұйымдастырып, Ұлт ұстазы тұтынған заттар, құнды жәдігерлер, қайраткер шығармаларының түпнұсқасы және т.б заттар көпшілік назарына ұсынылды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір