«САРҒАЙҒАН ПАРАҚТАРДАҒЫ САҒЫНЫШ»
Алматыдағы «ҚазАқпарат» баспасынан Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жазушы, публицист Жұмабай Шаштайұлының «Сарғайған парақтардағы сағыныш» атты жаңа кітабы жарық көрді.
Кітапқа қаламгердің әр жылдардағы шығармашылық тұлғалар туралы жасаған портреттері өмір құбылыстарына үңіліп, ой сабырына салған толғаныстары, сұхбаттары, баспасөзге берген интервьюлері топтастырылған. Бұл жинақ жазушының өз уағының тамыр лүпілін дөп басқандығымен ерекшеленеді. Қазақ баспасөзінде ұзақ жылдардан бері еңбек етіп келе жатқан Жұмабай Шаштайұлының қолтаңбасын кәнігі оқушылар бірден айыра алатыны анық.