«Өмірге — «Иә», ал есірткіге «Жоқ» деп айт!»
01.11.2025
125
0

Жас дос!
Бері қарашы?! Өмір деген керемет емес пе? Денің сау, жағдайың жақсы, білім алып жүрсің. Сенің дамуыңа, жетістікке жетуіңе барлық мүмкіндік бар! Сені әркез қолдайтын жақындарың жаныңда. Сәл сәтсіздік үшін бәрінен бас тартпа! Кім сүрінбей жатыр дейсің? Қайта тұр! Алға ұмтыл! Қателігіңе қателік қоспа! Айналаңдағы достарыңа мән бер. Олар кімдер? Немен айналысып жүр? «Жақсымен жүрсең жетесің мұратқа, жаманмен жүрсең қаласың ұятқа» деген. Еңбастысы өзіңді жақсы ортадан көре біл. Дамушы орта ғана сені алға жетелейді.
Жас дос!
Замандас! Жат қылығы көп, өтірік айтатын достарыңмен байланысты үз. Олар саған белгісіз заттың дәмін татып көруді ұсынса бас тарт! Ол синтетикалық есірткі болуы мүмкін.
Есірткінің қай түрі болса да адамға жақсылық әкелмейді. Уақытша ғана көтеріңкі көңіл сыйлағанымен ағзаларыңды зақымдап, сал етеді. Өмір бойы мүгедек болып қалуың мүмкін.
Менің таңдауым — есірткісіз өмір. Сен де өмірге — «Иә», ал есірткіге «Жоқ» деп айт. Бұл таңдау сені алға жетелейді. Өмірде ата-анамды қуантқым келеді, бақытты үздік келеді деген армандарыңды орындай аласың.
Мақсатыңа ұмтыл!
Есірткісіз өмірді таңда!
Жарқын болашаққа қадам бас!

Жасмин Салмаханова,
Елеу Көшербаев атындағы
№279 мектеп лицейінің
8 “Ә” сынып оқушысы,

Ақай ауылы,
Қармақшы ауданы,
Қызылорда облысы

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір