«Өмірге — «Иә», ал есірткіге «Жоқ» деп айт!»

Жас дос!
Бері қарашы?! Мені тыңдашы! Өмір деген керемет емес пе? Денің сау, жағдайың жақсы, білім алып жүрсің. Сенің дамуыңа, жетістікке жетуіңе барлық мүмкіндік бар! Сені әркез қолдайтын жақындарың жаныңда.
Сәл сәтсіздік үшін бәрінен бас тартпа! Кім сүрінбей жатыр дейсің? Қайта тұр! Алға ұмтыл! Қателігіңе қателік қоспа! Айналаңдағы достарыңа мән бер. Олар кімдер? Немен айналысып жүр? «Жақсымен жүрсең жетесің мұратқа, жаманмен жүрсең қаласың ұятқа» деген. Еңбастысы саған жақсы нәрселерді үйрететін, жат қылықтау аулақ жүретін достар тап. Бос уақытты бірге өткізіп, спортпен шұғылданған дұрыс. Түрлі спорттық шараларға бірге қатысып, жеңіске жетіңдер!
Замандас! Жатқылығы көп, өтірік айтатын достарыңмен байланысты үз. Олар саған белгісіз заттың дәмін татып көруді ұсынса бас тарт! Ол синтетикалық есірткі болуы мүмкін. Синтетикалық есірткі миды улайды, сана мен ойлауды бұзады. Бір рет қолданғанның өзі ашушаңдық тудырады. Көп жағдайда өлімге әкеледі.
Есірткінің қай түрі болса да адамға жақсылық әкелмейді. Менің таңдауым есірткісіз өмір. Сен де өмірге — «Иә», ал есірткіге «Жоқ» деп айт!
Айзере Қалдыбекова,
Тәкей Есетов атындағы
№264 мектеп лицейдің
5 «О» сынып оқушысы,
Қызылорда қаласы