«ӨЛЕҢ – СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ»
03.04.2023
228
0

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Абай ғылыми-зерттеу институтының және журналистика факультетінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 28 наурызында Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, талантты ақын Абзал Бөкеннің «Өлең – сөздің патшасы» атты жыр кеші өтті. Кеш модераторы – Абай ғылыми-зерттеу институтының оқытушысы, с.ғ.к. Тұяқбай Төрегелді кіріспе сөзінде ақынды кеш қонақтары мен студенттерге таныстырды. Кеште ақынның соңғы жылдары жарық көрген «Тақ» және «Уыт» атты жыр жинақтарының тұсаукесер рәсімі өтті. Абзал Бөкен жиылған қауымға бірнеше өлеңін оқыды. Абай ғылыми-зерттеу институтының оқытушылары Бибігүл Даутова, Гүлжан Ыбырайқызы, Алма Кенжеқожаева, Ұлжан Байлиеваның ұйымдастыруымен журналистика және филология факультеттерінің студенттері өнер көрсетіп, ақын жырларын нақышына келтіріп оқыды.
Кеш соңында ақын оқытушылар мен студенттерге, кеш қонақтарына, жас таланттарға өзінің жыр жинақтарын қолтаңбасымен сыйға тартты.

Л.МҰСАЛЫ,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
ф.ғ.к., доцент

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір