ОЛАР БАҚЫТТЫ ӨМІРДІ ТАҢДАЙДЫ!
23.02.2023
329
0

Жас буын – біздің болашағымыз. Бұл жас буынның арасында қарапайым балалар да, даму мүмкіндігі шектеулі балалар да бар. Сондықтан бұл балаларды бөлмей, бәріне бірдей тең қарап, олардың болашағына жол ашу – басты талаптардың бірі.

Сол үшін де қазіргі таңда  инклюзивті білім беру тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаға еніп отыр. Инклюзивті білім беру  – балалардың жынысына, жас ерекшеліктеріне, тұратын жеріне, қимыл-қозғалыстық және ақыл-есінің жағдайына, әлеуметтік-экономикалық ахуалына қарамастан, сапалы білім алу және өздерінің әлеуетін дамыту мүмкіндігіне ие болу арқылы берілетін білім. Әр оқушының эмоционалдық және психикалық таным процестерінің даму деңгейі әртүрлі екенін  ескерген Алматы облысы, Талғар ауданына қарасты Төңкеріс ауылындағы №23 мектеп осы бағыттағы жұмыстарын жүйелеп алған. Инклюзивті бағыт арқылы мүмкіндігі шектеулі балалардың жетістікке жетуіне ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырып келеді. Жуырда аталған білім ошағында «Бақыттымыз – бәріміз» деген тақырыппен іс-шара өтті. Іс-шараға қатысқан «Сенімен болашақ» РҚБ өкілі бірлестік миссиясымен таныстырып, жиналған ата-аналарға бала тәрбиесіндегі жауапкершілігінің артуына септігін тигізер лекция оқыды. Мектеп басшысы Алма Бақбергенқызы мектеп-ата-ана-бала үштігінің дамуына септігін тигізіп жатқан осындай бірлестіктің ашылып жатқанына қуанышты екендігін жеткізді. Жиын артынан мектеп оқушылары дайындаған концерттік бағдарлама көрсетілді. М.Сарсенбаева, М.Аязбаева, Ж.Әлдибекова, Ж.Атамқұлова, Ж.Үлкебекова, Н.Молдахметова, Қ.Адижанов, Д.Байсұлтанова сынды ұстаздар балалардың психофизикалық ерекшеліктерін есепке ала жүрсе де мүмкіндігін шектемей, сахнаға шығып, өнерлерін паш етуіне септігін тигізген екен. Жанарларынан қуаныш пен бақыттың лебі ескен өрендер бар өнерлерін салып, өмірге деген құлшыныстарының зор екенін байқатты.

А.ӘЛДИБЕК

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір