«Мен бақытты ақынмын»
20.05.2025
73
0

13 мамыр күні Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында белгілі қаламгер, халықаралық «Алаш» әдеби және Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлықтардың лауреаты, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, көрнекті ақын Оразақын Асқардың туғанына 90 жыл толуына орай, «Мен бақытты ақынмын» атты еске алу жиыны өтті. Жиынды Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма төрағасының орынбасары, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Ғалым Қалибекұлы алғы сөзбен ашып, ақын жайлы естеліктерімен бөлісіп, Оразақын Асқардың өмірлік жары Ажар Баратқызына мерейтой құрметіне орай, Жазушылар одағы атынан шапан кигізді.

Еске алу жиынына Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаттары, жазушылар Әділғазы Қайырбеков, Ділдар Мамырбаева, Жүсіпбек Қорғасбек және жазушы-аудармашы Аслан Жақсылықовтар қатысты. Сонымен бірге Оразақын Асқардың көзін көрген ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың ұлы Жұлдыз Мақатаев, белгілі әнші, ұстаз Нұржан Жанпейісов, ғылым докторы Айбын Төреханов, жас жазушы Елдос Тоқтарбай және ақынның інілері, туыстары, отбасы мүшелері еске алу кешінің қонағы болды. Оразақын Асқардың өлеңдерін жиында Алматы қаласының М.Мақатаев атындағы №140 мектеп-гимназиясының, М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей оқушылары оқыды. Тыңдаушылардың қатарында Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы 7552 әскери бөлімінің сарбаздары болды. Еске алу жиынын белгілі журналист, ақын Бақыт Жағыппарұлы жүргізді. Іс-шара әсерлі өтіп, тыңдарман арасында болған суырып-салма ақы әрі ұстаз Алтынбек Ибрагимов сол сәтте тамаша арнау өлең шығарып, кеш қонақтарын тәнті етті. Оразақын Асқардың поэзиясы осылайша, оқырмандарға күні бүгін де жаңа серпіліс берді.

Өз тілшімізден

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір