ӘН-ҒҰМЫР (Теміржан Базарбаев жайында)
16.02.2023
2337
0

Қазақ халқының ән, күй, терме, арнау, жыр, айтыс мәдениетінің ерекшеліктері, басқа халықтардың музыа, фольклор мәдениетімен салыстырғанда теңдесі жоқ өзіндік менталитетімен ғасырдан-ғасырға табыстанып, біздің өмір сүрген ХХ-ХХІ ғасырға жетіп, халқымыздың музыкалы-тарихи, музыкалы-эстетикалық, педагого-психологиялық, әлеуметті тәрбиесін бұлжытпай беріп келгені хақ! Халықтың өнер, мәдениетінің майталмандары арнаулы оқу орнында білім алмай-ақ, халықтық дәстүрді игеріп, халық әншісі, жыршысы ақыны, айтыскері, термеші, күрескері, шешендік т.б. өнерлерімен «сал», «сері», әнші, күйші,ақыны атанып, ел, жұрт, аймақ жұртшылығының сый-құрметіне бөленіп жатты. Соның нәтижесінде «халық әнші-композиторы» деген атау пайда болып, дарынды өнерпаздар халықтың рухани, мәдени мұрасын өз халқының игілігіне жұмсап, әрбір жеке тұлға атанып өсіп-өніп жатты.

Ал, ХХ ғасырдың жүлдесіне дарынды жастарды өнер, мәдениетке тәрбиелеп, оқытататын арнайы мектеп, техникум, училище, колледждерен қатар өнер, мәжениет, институттар, академия. Консерватория деп аталатын жаңа атаулы оқу орындары ашылып, өз мақсаттарын орындауға кіріскен жаңа заман басталғанды.

Ондай заманның басында ұлы ғалымдар Маркс, Энгельс ілімін Ресейде іске асырған данышпан-ғалым Владимир Ильич Ленин деген тұлға болғанды.

Ұлы отан соғысының батысқа қарай бет алған, 1944 жылдың жаңа кезекті оқу жылдында Қазақстанның партия мен өкіметінің қаулысымен «Алматы қаласында Қазақтың Мемлекеттік Консерваториясы ашылсын» — деп қазақтың мәдени тарихында теңдесі жоқ жаңалықтың ұшқыны орналасқан жыл санағы басталғандығы.

Мінеки, сол Консерваторияның теория мен тарих факутельтінің, композитор бөлімінің студенті атанған, Алматы облысының Жалғызағаш ауылының түлегі Теміржан Базарбаев туралы болмақ. Бұл 1957 жылдың қазан-қыркүйек айлары болатын.

Халық әртісі, Отан ссоғысының ардагері, ұйғыр халқының тұңғыш кәсіпті композиторы, профессор Қуддыс Қожамьяровтың жетекшілігімен музыканың тарихын, теория, гармония, сольфеджио, фортепьяно т.б. сабақтарын игеруге бар ынтасымен кіріскен еміржан әр курсын нәтижемен аяқтап , 4 курстық етіп, халық жазушысы Сәбит Мұқановтың «Ботагөз» романының желісімен «Ботагөз» атты симфониялық поэманы даярлап, «өте жақсы» бағаланып, соңғы 5 курсының шығармашылығы күтіп тұрған болатын. Өнер мамандығының, оның ішінде композиторлық мамандықты игеру үшін әр курсты бітіру үшін жеке ән, романс немесе күй, би секілді шығармалар қабылданбай түрі, құрлымы күрделі, мазмұны терең шығарма жазуға шартты жағдай қалыптасқанды. Ол болмаған жағдайда студент оқуын тастайды, мамандығын ауыстырады немесе кафедраның шешіммен курсын қайталайды.

Теміржанның 1-4 курстық оқуы нәтижелі, күрделі шығармалар пайда болып, мүлтіксіз әр курсын тамамдаған тәжірибенің арқасында, оған қоса ұстазы, профессор Қ.Қожамьяровтың да жетекшілігінің нәтижесі өз көрінісін күрделісімен шешіліп жатқанды.

  • Теміржан, қарағым,-деп ұстазы екеуі, оқуды қандай шығармамаен бітіруіміз керек?- Аға сізден бітіріп жатқан студенттер алды опера, симония, ораториямен бітіріп жатқанда мен солардвн қалмай күрделі жанрдың біреуіне тоқталсақ деген тілегім бар, — деп ақылдаса келе жанрдың біреуіне тоқталсақ деген тілегім бар, — деп ақылдаса келе «симфония» жазуға келісіп, нота дәптеріне күн санап симфония шығармасының жүздеген, мыңдаған домалақ қара белгілері, «өскен жерім», «өскен елім», «жасай бер менің Қазақстаным» деген жан сарайы үш бөлімді, көлемді, көркем келбетті ескерткіштей партитурасы даяр болып, фортопьяналақ нұсқасын кафедра мүшелері: Е.Брусиловский, Б.Байқадамов, Л.Хамиди, Қ.Қожамьяров, В.Великановтар болып тыңдап, профессор Қ.Қожамьяровты, студенті екеуін құттықтап, оркестрмен даярлыққа кірісуге болады, — деген қуаныштарын білдіріп, «Жарайсың, Теміржан», «ал енді оркестрмен жұмысқа сәттілік тілейміз», — деп тарасқанды.

 Музыка мам аны қиын маман,  сондықтан да дарынды әнші, күйші, ақын, жыршы, композитор-сазгерлер халық арасында болғандықтан, жұртшылық өнер адамдарын құрметтейді, дәріптейді, — «біз Кенен, Біржан, Құрманғазының ауылынан боламыз», — деп мақтанады емес пе?

Сол айтқандай, Нұрғиса Тілендиев өскен өлкенің інісі болып, өсіп жетілген композиторлық мам андыққа ие болар күндер санаулы қалғанда «композитор мамандығының талапкерлерінің мемлекеттік емтиханы, Жамбыл атындағы мемлекеттік филармонияның сифониялық оркестрірнің орындауында өтеді, үлкен концерт залында», — деген хабарламаның ілінгенін екі апта күткен күндер-ай десеңізші.

Консерваторияның үлкен концерт залы, студенттер мен тілектес ұстаздарға, туған-туытарға лық толы. Сахнада дүниежүзілік мәдениеттің бір көрінісі, 80-90 орындаушылардан құралған Симфониялық оркестр отыр, бұл дегеніңіз, өнердің, әншілік, аспапта орындаушылық, актер, режиссер, суретші, би, балетшілер композиторлық мамандықтардың барлығының, мемлекеттік соңғы емтиханы осылай қалың жұрт алдында өтуі дәстүрге айналғанына қанша ғасыр өтпеді дейсіз.

Белгіленген сағатта 10-12 мамандар мен консерватория басшылары, мәдениет минимтрлігінің басшылары келіп отырысымен: — «Профессор Қуддыс Қожамьяровтың класы бойынша, композитор бөлімінің 5 курс студенті Теміржан Базарбаевтың дипломдық жұмысы «Симфонияны», симфониялық оркестрдің дирижеры Тимур Мыңбаевтың басшылығымен орындалады», — деген хабарлама бітісімен, дирижер таяқшаасын көтеріп, жаңа салынған сарайдың есігін ашқандай, оркестірдің үні концерт залының зәулім ішін шарлап кетті де, отырғандардың ойын жан-жаққа баулап алып, кең байтақ жерде өсіп-өніп жатқан елдің жай-күйін баяндай келіп, айтыс, тартыс, шапқыншылық, жерге тартыс, мал-жанды айдау жайлары сахна көрінісіндей, оркестрдің үні бірде жай шуақты суреттесе, бірде алып кел, шауып кел, айқай-шуды елестете  келе, шығарманың үшінші бөлімі тыныштық өмірді аңсаған халықтың айқасқан жауын жеңіп, тыныштық өмірді аңсаған халықтың айқасқан жауын жеңіп, тыныштық өмірде кең байтақ өз еліндн бала сүйіп, той тойлап жатқан жұртшылықтың бейнесін, симфонияның үнімен баяндап берген жас композитордың тұңғыш шығармасы, қазақтың музыка мәдениетіне келтірген жаңалығы екеніне сезінген дос жарандары оны, ұстазын құттықтап тарасқанды.

Мемлекеттік комиссияның шешімі: «композитор бөлімінің 5 курс студенті Теміржан Базарбаевтың дипломдық жұмысы үш бөлімді симфониясы «өте жақсы» деп бағаланып , музыканың теориялық сабақтарының мұғалімі және композиторы», — деп жазылған диплом берілсін, — деген шешімге қуанбаған адам кемде-кем болғанды.

1955-56 жылдарф Консерваторияны бітірісімен мәдениет министрлігінің бұйрығын алып, жаңа ашылған Семейдің музыкалық училищесінің директоры қызметіне кіріскен ен, әр оқу жылдарында консерваторияның түлектерін қызметке шақыру дәстүрімен: Раков-әнші, Мағзумова-әнші, ерте бітірген А.Балғожин – музыка тарихы, Е.Бозбақбаев әйелі екеуі де қоызшы, т.б. шақырып, ең әуелі пәтермен, әрі оқытушы қызмтпен қамтамасыз еткен болатынбыз.

1961 жылы бітірген түлектермен кездесіп отырған болатынбыз, кезек Теміржан Базарбаевқа келіп, ректор мен мәдениет министрінің орынбасары отырып, композитор, музыка теориясы сабақтарының мұғалімі. Алматыда отбасымен тұрады. Жұбайы да музыка мұғалімі, қай облыста пәтер беріп, қызмет берілсе, соған баруға жас композитор даярлығын білдіреді, — деген хабарды естіп отырған облыс өкілдері үндемей отырағанды пайдаланып, — Комиссия төрағасы! Комиссия мүшелері, Теміржан Базарбаевты Абайдың, Шәкәрімнің, Мұхтар Әуезовтың, әрі Әміре Қашаубаевтың отанына музыкалық училищеге ұстаздыққа шақырып, егерде келісімен берсе қолымдағы екі бөлмелі пәтердің ордері мен кілтін сіздердің көздеріңізше табыстар едім, деген ұсынымды көп ойланбай көпшіліктің алдында табыстап, екі-үш күннің ішінде отбасыңды көшіріп әкетемін, — деген менің шешіміме қуанған Теміржанның қуанышына куә болып, Семей қайдасың, — деп поездға отырып, музыкалы училищенің мұғалімдер ұжымын қалыптастырған жылдар болғанды.

Міне, сол жылдардан ұстаздық қызметіін бастаған Теміржан Базарбаев күні бүгінге дейін Семейлік жастарға бойындағы кұш*қуатын аямай еңбектеніп, өсіп-өніп, қаншама жаңа туындылардың авторы атанып, 44 жылдық қызметін жалғастыруда.

Композитор Теміржан Базарбаевтың үлесін бұрын-соңды қазақтың музыка әдебитеінде бола қоймаған: кіндік  кесіп, өсіп жетіліп, жастығының куәсі, биік-биік құздардан ән салдырып, бүлдіршіндей бір қызға, сыңар қылған ауылым, — деп Ж.Бейсенов екеуінің халқына сыйлаған әні: «Мен қазақпын», «Менің Отаным Қазақстан», — деп жүрегі соғатындардың аса бір сүйікті әні болғанына жарты ғасыр, бала мен жастың, үлкенді-кіші адамдардың барлығының жүрегінен мәңгілік орын алған әннің авторы болудың өзі, тапырмайтын бақыт, — деп бағалауға тұрарлақ құбылыс.

Кіндігімнің жас қаны,

Тамған жерім – ауылым.

Ауыл тақырыбын копозитор жалғастыра келе ауыл мектебін орта, жоғары оқуын бітіруші жас ұрпақтың ән ұранына айналған екінші әннің дүниеге келгенін айта кетуді жөн көрдік. Оңтүстік Қазақстанның Төлеби ауылында туып өскен әнші, композиторлық қабілетке жеткен Марат Омаровтың «Ауылым» атты әні де Теміржан ағасының «Ауылының» екінші бөлімімен жалғасады, — деп атауға тұрарлық құбылыс. Халықтың күнделікті әнді айтып, одан күш-қуат алып, жан сарайына нәр беретін сөзі мен әуені бірлесе келе, адам дауысымен үйде, түзде, сахнада, радио мен экранда қанша қайталаған сайын, оның құдыретінің күшейе түсетініне жетен әннің өмірі мәңгілік деп атауға тұрарлық ескерткіш, — деп білеміз.

Композитор Т.Базарбаевтың «Ауылым» атты әнінің құрылысы, музыкалы-теориялық мәтінін талдасақ: ән орташа екпінде, до*минор дыбыстар бірлестігінде, 3/4 вальс ырғағында, 58 бөлшектен құралған куплеті жоқ «жастығымның куәсі», — деген 36 бөлшектен соң, екінші рет әуеннің аздаған биіктеген өзгерістеріне түсіп, қайталайды да, 11 дыбыстар биіктігі қамтылған екі рет дыбыс кульминациясы (биіктігі) бар, жай, қарапайым түрде терция, кварта алшақтығы бар сана-сезімге сөзі мен дыбыстардың әсемдігі бірігіп, өскен жерге, ауылға деген сүйісспеншілікті әуендеп, жүректі тербеп тұр.

Пернебек Момынұлы

«ҚАЗАҚ МУЗЫАСЫНЫҢ ҚЫСҚАША ТАРИХЫ», ІІІ-том.

 

 

 

 

 

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір