Ризабек – Азия чемпионы
02.06.2026
52
0

Күрес түрлерінен жастар арасындағы Вьетнамда өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан алтын медаль жеңіп алды.
125 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында қазақстандық балуан Үндістан өкілі Лаки Лакимен белдесіп, 10:0 есебімен мерзімінен бұрын айқын жеңіске жетті. Осылайша, Ризабек Айтмұхан өзі үшін жаңа салмақта Азия чемпионы атанды.
Финалға дейін де Ризабек Айтмұхан қарсыластарын сенімді түрде ұтты. Жартылай финалда ол қырғызстандық Жагалан Будашаповты 14:4 есебімен жеңсе, ширек финалда өзбекстандық Отабек Назирбоевты 11:1 есебімен ойсырата ұтты.
Ризабек Айтмұхан бұған дейін 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп келген. Осы салмақта ол Қазақстан кубогының алтын медалін жеңіп алған еді.
Сонымен Ризабек Айтмұхан – еліміздегі ең атақты балуандардың бірі. Оның еншісінде 2023 жылғы әлем чемпионатының алтын медалі, сондай-ақ Азия чемпионаттарының үш күміс жүлдесі бар.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір